1. Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/216-V "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2964 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің және Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/35-VІ "Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға әкетуге, кәдеге жаратуға қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3864 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 5 қарашадағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М.Мырзаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | А.Байтанаев |