Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/216-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 2964 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 10/66-VI шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 09.02.2017 № 10/66-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қаласының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқы нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне іс жүзіндегі тарифтің 50 пайызы көлемінде жолақысына жеңілдік берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады