Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12936 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж.Наршабеков |
Қалалық мәслихат хатшысы | А.Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/35-VІ шешіміне 1 қосымша |
Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м³ |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,1 1,4 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 0,62 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,69 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1орын | 0,37 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,92 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,014 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,11 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1орын | 0,95 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1орын | 0,43 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м² | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м² | 0,12 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м² | 0,34 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1м² | 1,2 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² | 0,14 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,38 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,14 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,05 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | - |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,23 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м² | - |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,21 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,36 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,95 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,58 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,23 |
29 | Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,5 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | - |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² | 0,18 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,3 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/35-VІ шешіміне 2 қосымша |
Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер | | |
1.1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан | 150 |
1.2. | Жайсыз үйлер | 1 тұрғыннан | 170 |
1.3. | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 1804 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер | | |
2.1. | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 150 |
1 тонна | 800 | ||
2.2. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 200 |
1 тонна | 800 |