Арыс қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 9 ақпандағы № 10/66-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 ақпанда № 3977 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/216-V "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2964 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің және Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/35-VІ "Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға әкетуге, кәдеге жаратуға қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3864 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 5 қарашадағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Мырзаев
      Қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады