Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 28.09.2022 № 24-161-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Мақтарал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Б.Жұманов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | М.Жайлымшиев |
Мақтарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 13-99-VI шешіміне 1 қосымша |
Мақтарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер | Есептiк бiрлiк | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
0,95 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi | 1 орын | 1 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi | 1 орын | 1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,3992 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi | 1 қызметкер | 0,275 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,275 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 1,0 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 орын | 0,0001 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар | 1 орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы | - |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы | 0,2 |
14 | Азық-түлiк дүкендерi |
Сауда алаңы | 1,23 |
15 | Машиналардан сату |
Сауда орны | - |
16 | Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер |
Сауда алаңы | 0,9091 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 0,974 |
18 | Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы | - |
19 | Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы | - |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы | 0,2 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы | 0,5 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы | - |
23 | Дәрiханалар |
Сауда алаңы | 0,91 |
24 | Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,107 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,2 |
26 | Гараж кооперативтерi | 1 гаражға | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,2 |
28 | Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi | Жалпы алаңы | 0,27 |
29 | Зергерлiк, аяқкиiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы | 0,06 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы | 0,23 |
32 | Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | - |
33 | Бау-бақша кооперативтерi | 1 учаске | 0,0019 |
Мақтарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 13-99-VI шешіміне 2 қосымша |
Мақтарал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi
№ | Атауы | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1. | Жайлы емес үйлер | 1 адам | 106 |
1.2. | Жайлы үйлер | 1 адам | 95 |
1.3. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1203 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері | ||
2.1. | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 1203 |
2.2. | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1203 |
3. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi | - | - |