Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақтаарал ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мақтаарал аудандық мәслихатының "Мақтарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 13-99-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4066 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-161-VII шешіміне қосымша |
Мақтаарал ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 122,50 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 135,09 |
Жылдық тариф бір бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 1 373,82 |