Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 182 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 маусымда № 4843 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.08.2019 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда №10087 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №107 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3919 тіркелген, 2015 жылы 8 маусымында "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
А. Өтеғұлов

  2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 182
облыс әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге-литр

1

2

3

4

1

Сүт

Сары май

21,0


Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 июня 2017 года № 182. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 июня 2017 года № 4843. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 13 августа 2019 года № 205

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 13.08.2019 № 205 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 "Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республике Казахстан 14 января 2015 года № 10087) акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый норматив субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 апреля 2015 года №107 "Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3919, опубликованное 8 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Западно-Казахстанской области" (Нурмаганбетов С.Б.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области А.К.Утегулова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима области
А.Утегулов

  Утвержден
постановлением
акимата области
от 22 июня 2017 года № 182

Норматив субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции

Наименование сельскохозяйственной продукции

Наименование продукта глубокой переработки

Норматив субсидий в пересчете на сырье, тенге - литр

1

2

3

4

1

Молоко

Сливочное масло

21,0