Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.06.2017 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
А. Өтеғұлов |
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 107 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
№ | Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге-литр |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сүт | Сары май | 21,0 |