Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.08.2019 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда №10087 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №107 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3919 тіркелген, 2015 жылы 8 маусымында "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
А. Өтеғұлов |
2017 жылғы 22 маусымдағы № 182 облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
№ | Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге-литр |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сүт | Сары май | 21,0 |