Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 14-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 4881 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 34-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 27.03.2019 № 34-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ж. Бисенғалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов

  Тасқала аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27 шілдедегі
№14-7 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссияның жұмысшы органы "Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі - бөлім) табылады.

      Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару бөліммен жүзеге асырылады.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

      1) қалдықтардың құрамын зерделеу;

      2) қалдықтардың күйін анықтау;

      3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы №169-ө "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде №4775 болып тіркелген) бұйрығы негізінде кодын анықтау жұмыстарын жүргізу. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі №128-ө "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымда №4720 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспорты жасақталады.

      Сонымен қатар бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

      Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

      7. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.

      8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.

      9. Қалдықтарды бөлім жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.

      10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Тасқала ауданы әкімдігімен Тасқала ауданы әкімдігі бөлімдерінің өкілдерін және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

      11. Конкурстың шарттарын бөлім анықтайды.

      12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.

      Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

      1) қалдықтар туралы тарихи анықтама;

      2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;

      3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;

      4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.

      13. Конкурс ашық тәсілмен және қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Тасқала ауданының таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Бір мезгілде хабарландыру Тасқала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:

      1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;

      2) өткізу уақыты мен орны;

      3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;

      4) конкурстың негізгі шарттары;

      5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;

      6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.

      15. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.

      16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.

      Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

      17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөлімге жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

      18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

      19. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:

      1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;

      2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;

      3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5446 болып тіркелген) нысан бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.

      20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

      21. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.

      22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:

      1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

      2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;

      4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);

      5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);

      6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

      7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).

      23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.

      24. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

      25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.

      26. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверттерді ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде жүргізеді.

      Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.

      27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

      Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.

      28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия келесідей негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:

      1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестігі);

      2) ең жоғары баға.

      29. Конкурстың нәтижелері Тасқала ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ шұғыл түрде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өтпеген деп танылады.

      31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурсті қайта өткізеді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және жергілікті атқарушы органға тиімді шарттар негізінде бөлім үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.

      32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

      33. Конкурс жеңімпазымен қалдықтарды жүзеге асыру туралы келісімшарт (бұдан әрі - Келісімшарт) жасалады, оның шарттары Тасқала ауданы әкімдігімен келісіледі. Келісімшарт қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, сондай-ақ конкурс жеңімпазының бөлім бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастырады.

      Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

      Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

      34. Конкурс екі рет өтпеген деп танылған жағдайда, бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарды ақысыз негізде конкурс өткізеді.

      35. Бөлімге қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.

      36. Осы Қағидалардың 31-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өтпеген деп танылған кезде, қалдықтар талап етілмеген деп саналады.

      Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

      37. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды қалпына келтіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      38. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс жасау процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

  Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акті
20__жылғы "___"________________      ___________________________
(жасалған уақыты)      (акт жасалған орын)
Комиссия құрамында______________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Саны (тонна, м3, га ауданы)

Қалдықтың коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме






      иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.
Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):
Мөрдің орны
Аббревиатуралардың толық жазылуы: м3 - метр куб;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
га – гектар.

  Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

      1 _____________________________________________________________________________
өтініш берушінің атауы
2 _____________________________________________________________________________
өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекенжайы
3 _____________________________________________________________________________
мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке тұлғалар үшін)
4 _____________________________________________________________________________
басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәлімет
5 _____________________________________________________________________________
Тасқала ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындау үшін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектің жоқтығы туралы анықтама, ақшалай қаражаттың бары туралы банктік анықтама) құжаттармен расталған, қоса беріледі.
________________________      ____________      ______________________
(бөлімнің атауы)      (қолы)      (Т.А.Ә.)
Аббревиатураның толық жазылуы: Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27 июля 2017 года № 14-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 17 августа 2017 года № 4881. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27 марта 2019 года № 34-4.

      Сноска. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27.03.2019 № 34-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Таскалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность.

      2. Руководителю аппарата Таскалинского районного маслихата (Ержигитова Т.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Бисенгалиева Ж.
      Секретарь районного маслихата Рахимов С.

  Утверждены
решением Таскалинского
районного маслихата
от 27 июля 2017 года №14-7

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Для передачи отходов в коммунальную собственность, акимат района создает комиссию (далее – комиссия), в состав которой входят заместитель акима района, курирующий вопросы в области коммунального хозяйства, представители соответствующих государственных органов и других организаций.

      Рабочим органом комиссии является государственное учреждение "Таскалинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" (далее – отдел).

      Комиссия составляет акт о передаче бесхозяйных отходов в коммунальную собственность, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Управление бесхозяйными отходами осуществляется отделом.

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Отдел самостоятельно или с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках проводит работы по:

      1) изучению свойств отходов;

      2) определению состояния отходов;

      3) определению кодировки на основании приказа Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 31 мая 2007 года № 169-п "Об утверждении Классификатора отходов" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2007 года № 4775). В случае выявления опасных отходов составляется паспорт опасных отходов по форме, утвержденной приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 128-п "Об утверждении Формы паспорта опасных отходов" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июня 2007 года № 4720). Также, отдел с привлечением физических и (или) юридических лиц, имеющих лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области оценочной деятельности, проводит работы по определению стоимости отходов в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      Отдел ежегодно до 1 февраля, следующего за отчетным годом, представляет в акимат Таскалинского района информацию об объемах, видах, месторасположении, состоянии отходов и мерах, предпринимаемых по управлению ими, по состоянию на 1 января, следующего за отчетным годом, в электронном и бумажном носителях для учета их в государственном кадастре отходов производства и потребления.

      7. В случае выявления опасных отходов, меры по предотвращению доступа населения к отходам, их локализации, сокращению негативного влияния на почвенный покров, водные ресурсы и атмосферный воздух обеспечиваются отделом.

      8. Если в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности итоговая стоимость отходов определена нулевой, то к таким отходам применяются нормы по их реализации на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      9. Отходы реализуются отделом юридическим и физическим лицам путем проведения конкурса по цене не ниже оценочной стоимости, определяемой в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности.

      10. Подготовка и проведение конкурса осуществляются отделом. Состав конкурсной комиссии формируется акиматом Таскалинского района с включением представителей отделов акимата Таскалинского района и заинтересованных государственных органов.

      11. Условия конкурса определяется отделом.

      12. Отдел безвозмездно предоставляет потенциальным участникам конкурса копии пакета документов по выставляемому на конкурс объекту отходов на основании письменного заявления в произвольной форме.

      Пакет документов формируется отделом и содержит следующую информацию, необходимую заявителю для разработки конкурсного предложения:

      1) историческую справку об отходах;

      2) информацию о количественно-качественных характеристиках отходов;

      3) информацию о свойствах отходов;

      4) сведения о воздействии на окружающую среду.

      13. Конкурс проводится открытым способом и среди неограниченного круга участников. Объявление о проведении открытого конкурса публикуется на государственном и русском языках в периодическом печатном издании, распространяемом на территории Таскалинского района.

      Сроки проведения конкурса определяются отделом в зависимости от специфики объекта отходов, в отношении которого объявляется конкурс, но не позднее, чем за тридцать календарных дней до окончания приема конкурсных предложений на участие в конкурсе. Одновременно объявление размещается на интернет-ресурсе акимата Таскалинского района.

      14. Объявление о проведении конкурса содержит:

      1) наименование организатора конкурса и адрес приема заявки на участие в конкурсе по реализации отходов;

      2) время и место проведения;

      3) срок подачи заявок на участие в конкурсе по реализации отходов;

      4) основные условия конкурса;

      5) месторасположение и краткое описание объекта отходов, выставляемого на конкурс;

      6) размер взноса за право участия в конкурсе, который составляет один процент от оценочной стоимости объекта отходов, с указанием реквизитов для его оплаты.

      15. Прием заявок на участие в конкурсе по реализации отходов (далее – заявка) осуществляется отделом со дня публикации в периодическом печатном издании объявления о проведении конкурса и заканчивается за три календарных дня до даты рассмотрения заявок.

      16. Заявки представляются потенциальными участниками по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в прошитом виде, с пронумерованными страницами, последняя страница заверяется их подписью и печатью.

      Потенциальный участник конкурса в случае необходимости привлекает субподрядчиков (соисполнителей) для выполнения работ либо оказания услуг в соответствии с требованиями условий конкурса, но не более двух третей объема работ, услуг.

      17. Участник конкурса может отозвать свою заявку за три рабочих дня до установленного срока рассмотрения заявок, письменно сообщив об этом отделу.

      18. По итогам рассмотрения комиссия принимает решение о допуске или отказе заявок.

      В течение трех рабочих дней с даты рассмотрения заявок, отдел направляет заявителю письменное уведомление о допуске для участия в конкурсе либо мотивированный отказ.

      19. Отдел отказывает в принятии заявок в следующих случаях:

      1) подачи заявки с нарушением требований настоящих Правил;

      2) представления заявителем в заявке недостоверных или неверных сведений;

      3) отсутствия в заявке документального подтверждения о том, что заявитель обладает или будет обладать техническими, организационными, управленческими и финансовыми возможностями (сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям по форме, утвержденной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 622 "Об утверждении правил ведения лицевых счетов" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2008 года № 5446) документ, подтверждающий финансовые возможности), необходимыми для безопасной утилизации (переработки) отходов.

      20. Затраты, понесенные участниками конкурса, включая затраты по подготовке к участию в конкурсе, возврату либо компенсации не подлежат. Отдел возвращает взносы за участие в конкурсе участникам, которые не были признаны победителями, в течение десяти рабочих дней со дня объявления итогов конкурса.

      21. Заявитель, допущенный к участию в конкурсе, составляет конкурсное предложение, которое предоставляется отделу не позднее, чем за один час до процедуры вскрытия конвертов. Конкурсные предложения, поступившие в отдел и допущенные к конкурсу, не подлежат возврату участникам конкурса.

      22. Конкурсное предложение для участия в конкурсе содержит:

      1) подтверждение заявителя об ознакомлении с условиями настоящих Правил, касающихся порядка проведения конкурса и обязанностей заявителя;

      2) копию устава (для юридических лиц);

      3) копию документа о назначении (избрании) первого руководителя потенциального участника;

      4) перечень субподрядчиков по выполнению работ, объем и виды, передаваемых на субподряд работ (в случае привлечения);

      5) документ, подтверждающий оплату взноса за право участия в конкурсе (не предоставляется в случае безвозмездной реализации);

      6) ценовое предложение, подписанное потенциальным участником;

      7) программу, которая должна быть направлена на выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства).

      23. Конкурсное предложение представляется потенциальным участником в прошитом виде, с пронумерованными страницами и последняя страница заверяется его подписью и печатью.

      24. Конкурсное предложение предоставляется без вставок между строчками, подтирок или приписок, за исключением тех случаев, когда потенциальному участнику необходимо исправить грамматические или арифметические ошибки.

      25. Потенциальный участник запечатывает конкурсное предложение в конверт. На конверте указывается наименование и юридический адрес потенциального участника.

      26. Оценка конкурсных предложений проводится конкурсной комиссией в течение пятнадцати рабочих дней со дня вскрытия конвертов.

      Решение конкурсной комиссии оформляется в виде протокола. Протокол подписывается членами конкурсной комиссии.

      27. Решение конкурсной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если на него подано большинство голосов от общего количества присутствующих членов конкурсной комиссии. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель конкурсной комиссии.

      Любой член конкурсной комиссии, в случае несогласия с решением конкурсной комиссии, выражает свое мнение, которое излагается в письменном виде и прикладывается к протоколу итогов конкурса.

      28. Победитель конкурса определяется конкурсной комиссией на основе совокупности следующих основных критериев:

      1) мероприятия программы должны обеспечивать выполнение условий конкурса (сроки реализации проекта, применение технологий, финансовые возможности, соответствие требованиям экологического законодательства);

      2) наибольшей цены.

      29. Результаты конкурса публикуются в периодическом печатном издании, распространяемом на территории Таскалинского района, а также незамедлительно размещаются на интернет-ресурсе акимата района.

      30. В случае участия в конкурсе только одного заявителя, конкурс признается несостоявшимся.

      31. При признании конкурса несостоявшимся, конкурсная комиссия снимает объект с конкурса или проводит повторный конкурс. При признании повторного конкурса несостоявшимся, ввиду наличия только одного заявителя, отдел, по рекомендации конкурсной комиссии, заключает с таким заявителем договор на основе переговоров и условий, приемлемых для местного исполнительного органа района, чем было предложено им в конкурсном предложении.

      32. Конкурс признается несостоявшимся также в случае, если на конкурс не было представлено ни одного проекта, соответствующего требованиям конкурса.

      33. С победителем конкурса заключается договор о реализации отходов (далее – Договор), условия которого согласуются акиматом Таскалинского района. Договор предусматривает обязательства по соблюдению требований экологического законодательства Республики Казахстан при обращении с отходами и в целом безопасному ведению работ, а также по представлению победителем конкурса отчета о выполненных работах по форме, утвержденной отделом.

      Отчет представляется в отдел ежеквартально до десятого числа следующего месяца, за отчетным кварталом.

      В случае несоблюдения условий Договора, заказчик расторгает его в порядке, установленном гражданским законодательством Республики Казахстан и повторно объявляет проведение конкурса.

      34. В случае признания конкурса дважды несостоявшимся, отдел проводит конкурс с реализацией отходов на безвозмездной основе в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      35. Средства, поступившие в отдел от реализации отходов, направляются в доход государства.

      36. При признании конкурса по реализации отходов на безвозмездной основе несостоявшимся по основаниям, предусмотренным пунктом 31 настоящих Правил, отходы считаются невостребованными.

      Отдел осуществляет безопасную утилизацию и удаление невостребованных отходов в соответствии с экологическим законодательством Республики Казахстан за счет средств районного бюджета.

      37. Рекультивация территорий, на которых были размещены объекты бесхозяйных отходов, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность, после их реализации, утилизации, удаления производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      38. В процессе обращения с отходами, поступившими в коммунальную собственность, соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам управления
бесхозяйными отходами,
признанными решением суда
поступившими в коммунальную
собственность

      форма

      Акт о передаче бесхозяйных отходов в коммунальную собственность
"___"__________________20____года      ________________________
(дата составления)      (место составления акта)
Комиссия в составе: _______________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ составили настоящий акт о том, что согласно судебному решению № _____от "___" _____________ 20 __ года, в коммунальную собственность приняты бесхозяйные отходы в следующем составе:

Вид отхода

Количество (тонн, м3, площадь в га)

Код отхода (по Классификатору отходов)

Месторасположение

Комментарии о состоянии отходов






      Члены комиссии (Ф.И.О., подпись):
Место печати
Расшифровка аббревиатур: м3 - метр кубический;
Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество;
га – гектар.

  Приложение 2
к Правилам управления
бесхозяйными отходами,
признанными решением суда
поступившими в коммунальную
собственность

      форма

      Заявка на участие в конкурсе по реализации отходов
1 _____________________________________________________________________________
наименование заявителя
2 _____________________________________________________________________________
юридический адрес заявителя и адрес основного места деятельности
3 _____________________________________________________________________________
государственная принадлежность (для юридических лиц), гражданство (для физических лиц)
4 _____________________________________________________________________________
данные о руководителях или владельцах юридических лиц и лицах, которые будут представлять заявителя
5 _____________________________________________________________________________
данные о технических, управленческих, организационных и финансовых возможностях заявителя, необходимых для выполнения условий конкурса, определенных акиматом Таскалинского района (справка об отсутствии налоговой задолженности, банковская справка о наличии денежных средств) документально подтвержденные, прилагаются.
___________________      ____________      ____________________
(наименование отдела)      (подпись)      (Ф.И.О.)
Расшифровка аббревиатуры: Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество.