Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2007 жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4720 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 20.08.2021 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 289-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны бекітілсін.

      2. "Қалдықтар паспортының тұрпатты нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 102 а-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімде N 3570 тіркелген, "Юридическая газетада" жарияланған, 2005 жылғы 7 қазандағы, N 185-186 (919-920)) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 128-ө бұйрығымен
бекітілді

      Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны*

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.12.2016 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қалдықтардың атауы (коды)

      ______________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН, тұрғылықты

      жері, өндірістік үй-жайы болған кезде- оның орналасқан жері, қалдық шығарушы

      кәсіпорынның атауы мен деректемелері, БСН);

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Телефон ___________ факс _______________ e-mail _________________________

      Есеп шоты № __________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Қалдықтардың шығу тегі:

Қалдықтар пайда болған бастапқы материалдардың тізбесі мен атауы

технологиялық процестің немесе процестің атауы**

Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі

Өндірілген қалдықтардың саны (кг/тонн)

Берілген қалдықтардың саны (қалдықтарды берген кезде қалдықтар паспортында толтырылады)

Жөнелту деректемелері

1

2

3

4

5

6







      Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы:

Қалдықтар компоненттерінің атауы

Сi, мг/кг шоғырлануы

Олардың негізінде қалдықтар индексі анықталған параметрлер

Қалдықтар индексі

Атауы және өлшем бірлігі

Мәні

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі

Сипаттама алынған құжаттың белгілемесі


1

2

3

4

5

6

7








      Қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері _____________________________

      Қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары _____________

      Қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге

      қойылатын талаптар __________________________________________________

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың

      салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар

      ____________________________________________________

      Қосымша ақпарат қамтылуға тиіс_______________________________________

      Мен, осы қалдықтар құрамында жоғарыда аталған компоненттер ғана көрсетілген

      шоғырлануда бар екендігін тексергенімді (талдаулар, тестілер, бастапқы шикізат және осы қалдықтар шығу тегінің технологиясы және тағы басқа туралы білімдер арқылы), осының нәтижесінде мен қалдықтарды ______________ индекс қалдықтары ретінде жіктегенімді мәлімдеймін.

      Ақпарат дұрыс, дәл және толық.

      Кәсіпорынның басшысы________________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда) (немесе жеке тұлға) қолы

      20 __ жылғы "______"___________

      М.О. (ол болған жағдайда)

      Ескерту

      * Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес-қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.

      ** Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 11-тармағына сәйкес-қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады