"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрық шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз немесе өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдары осы бірлескен бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму ___________Ж. Қасымбек |
Қазақстан РеспубликасыныңминистріҚаржы министрі________ Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда ұлттық теміржол компаниясы, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушы ретінде "КТЖ – Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) әрекет етеді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланған терминдер мен ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) және тасымалдаушының аумақтық бөлімшелері станция мен МКО өзара іс-қимыл схемасын ЕАЭО құқығын құрайтын актілерге, Кодекске, осы Қағидаларға және теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесстеріне сәйкес әзірлейді және бекітеді.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты қабылданған шешімдер туралы МКО мен тасымалдаушы халықаралық келісімдерде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген тұлғаларды хабардар етеді, тауарларды жеткізуге кедергі болған себептерді жою бойынша шаралар қабылдау үшін.
МКО мен Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлғалардың сұрау салуы бойынша тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеттерді растайтын қажетті құжаттарды ұсынады.
2-тарау. Кедендік бақылаудағы теміржол көлігімен тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау шарттары
5. Кедендік бақылаудағы тауарлар, олардың сақталуын қамтамасыз ететін вагондарда, контейнерлерде теміржол көлігімен тасымалданады.
6. Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын теміржол көлігімен жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін (ЕАЭО кедендікдік аумағы бойынша, оның ішінде ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы) тасымалдау егер де осындай тауарлар мен көлік құралдар өзге кедендік рәсімге орналастырылмаса, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тасымалдаушы тауарлардың, тауарларға арналған декларациядағы мәліметтерді растайтын құжаттардың және, егер олар қолданылса, сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етеді.
8. Тасымалдаушы МКО рұқсатынсыз немесе (ҚР кеден заңнамасында көзделген жағдайларда) хабардар етпей кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті.
9. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды жөнелтуші кеден органы айқындаған тауарларды жеткізу орнына жеткізбеген жағдайда, көрсетілген тауарларды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы МКО талабы бойынша осы жеткізілмеген тауарлар туралы ақпаратты беруге міндетті. Тиісті талап пен ақпарат жазбаша түрде де сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдаланып та беріледі.
10. Тасымалдаушы тасымалдаудың, сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозу немесе кему салдарындағы өзгерістерден басқа, тауарлар мен көлік құралдарының жай-күйі мен орамасының қандайда бір өзгеруінсіз жеткізеді және ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қызмет аймағында межелі станция орналасқан межелі кеден органын тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы хабардар етеді.
11. Кедендік бақылаумен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған МКО шешімдері тасымалдаушының орындауына жатады.
12. МКО рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын бергені үшін тасымалдаушы 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 528-бабы 1-тармағына сәйкес жауапкершілікте болады.
МКО-ның рұқсаты көліктік (тасымалдау) құжаттарында МКО-ның "Шығаруға рұқсат" деген мөртабанды қою арқылы жүзеге асырылады. Қолданыстағы мөртабандардың үлгілері өзгерген жағдайда МКО шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде тасымалдаушыға олардың үлгілерін ұсынады.
3-тарау. Алдын ала ақпараттандыру кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру
13. "ЕАЭО-ның кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелуі болжанған тауарлар туралы алдын ала ақпараттандыруды ұсыну тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 57 шешіміне сәйкес Тасымалдаушы тауарлар ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей алдын ала ақпаратты ұсынады.
Егер тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау уақыты шектес теміржолдың теміржол станциясынан теміржол құрамының кеткен сәтінен бастап Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін 2 (екі) сағаттан аз уақытты құраған жағдайда, алдын ала ақпарат осындай станцядан теміржол құрамы іс жүзінде кеткенге дейін ұсынылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.14. Алдын ала ақпаратты ұсыну тасымалдаушы мен МКО ақпараттық жүйелерін (АСУ ДКР) интеграциялау жолымен автоматтандырылған режимде "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі арқылы "Кедендік транзит" кіші жүйесінде жүзеге асырылады.
15. Егер алдын ала ақпаратты келу орнындағы МКО техникалық себептер бойынша алынбаған жағдайда, алдын ала ақпаратты алу мүмкіндігінің болмауы туралы себептерін көрсете отырып, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдын ала ақпаратты ұсынбау туралы акт жасалады.
Техникалық себептер бойынша МКО, оған қатысты алдын ала ақпарат қабылданбаған және/немесе өңделмеген тауарлар партиясы тәуекел саласына жатпайды және оған қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді, келу кезінде ұсынылған мәліметтер (құжаттар) негізінде МКО қабылдайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. ЕАЭО аумағына теміржол көлігімен тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезіндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру
16. ЕАЭО кедендікдік аумағына тауарлардың келуі ЕАЭО кедендікдік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін жерлердегі келу орнында орналасқан МКО жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
17. ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу қажет болған жағдайда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімге орналастыруға оларға қатысты тиісті бақылау жүргізілгеннен кейін рұқсат беріледі.
18. ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелген кезде тасымалдаушы өткізу пунктінде орналасқан МКО-ны келуі туралы хабардар етеді.
Хабарлама жөнелтуші кеден органына екі данада поезд беру ведомосын, сондай-ақ тасымалдау (тасу) және ілеспе (коммерциялық) құжаттарды ұсыну нысанында білдіріледі.
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитеті мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесі толық қанды интегерациялау болған кезде келуі туралы хабарлама электронды форматта беріледі.
ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде өткізу пунктінде орналасқан жөнелтуші кеден органы:
ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген себептер мен оның негіздемесін көрсете отырып, осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес әзірленетін Тасымалдаушының аумақтық бөлімшелерімен МКО-ның өзара іс-қимыл схемасында белгіленген мерзімде тасымалдаушыға өтінім береді;
Кодекстің 32-бабында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.19. Өткізу пунктінде орналасқан жөнелтуші кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автоматты не қолмен жүргізу режимінде техникалық құралдарды пайдаланып радиациялық бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан кіру және/немесе шығу үшін жүк поездары өткен кезінде радиоактивті материалдардың болуы бойынша радиациялық бақылаудың автоматты жүйесі (бұдан әрі – РБАЖ) іске қосылған жағдайда жөнелтуші кеден органы жүк поезының құрамын тоқтату, оқшаулауы және РБАЖ алып жүрілетін құралдарын пайдаланып ионды сәуле көздерін сәйкестендіру қажеттігі туралы тасымалдаушыны ақпараттандырады.
20. Жүргізілген радиациялық бақылау Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімге (бұдан әрі – ХЖҚК) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген, теміржол жүкқұжатының бірінші бетінің оң жағына, ХЖҚК 6-қосымшасына ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжатының түпнұсқасы), екінші парақта (жол ведомосы), сондай-ақ егер жол ведомосының қосымша даналары тасымалдау (тасу) құжатына қоса берілген жағдайда, жол ведомосының қосымша даналарында (станцияның күнтізбелік штемпелімен куәландырылған жол ведомосының қосымша даналарвның көшірмесінде) МКО лауазымды тұлғасының қолы қойылып, жеке нөмірлік мөрімен куәландырылған "Радиациялық бақылаудан өтті" немесе "Радиоактивті! Қайтаруға жатады" деген мөртабандарын қою арқылы тіркеледі.
21. ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген радиациялық фон деңгейі асқан тауарлар мен көлік құралдары ЕАЭО аумағынан әкетілуге жатады.
22. Жөнелтуші кеден органы беру ведомосының екі данасының жоғарғы оң жақ бұрышына құжаттарды қабылдау күні мен уақыты туралы мөртабан қояды және қолын қойып жеке нөмірлі мөрімен куәладырады, беру ведомосының бірінші данасы жөнелтуші кеден органында қалады, екінші данасы тасымалдаушыға қайтарылады.
23. Станция жұмысының технологиялық процессімен белгіленген мерзімде жөнелтуші кеден органы мен тасымалдаушы бірлесіп қабылданған көлік құралдарының саны мен номерлерін, сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, ашық жылжымалы құрамдағы тауарлардың сақталуын тексереді.
24. Тексеру кезінде анықталған барлық сәйкессіздіктерге тасымалдаушының өкілі ХЖҚК қызметтік нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес және ХЖҚК көзделген жағдайда – коммерциялық актілер, ХЖҚК "Жүкті тасымалдау қағидасының" 1-қосымшасына 7-қосымшаға сәйкес жалпы нысандағы актіні толтырады. Сәйкессіздіктер туралы мәлімет кедендік бақылауды жүргізуге ықпал еткен жағдайда тасымалдаушы куәландырған көрсетілген актілердің көшірмелері Кодекстің 427-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін МКО-ға беріледі.
25. Тасымалдаушы немесе декларант МКО-ға тауарлардың келуі туралы хабарламаны ұсынған сәттен бастап кеден органының 3 (үш) сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей, тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе аталған тауарларды кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялауды жүзеге асырумен байланысты кедендік операцияларды жасайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.26. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, өткізу пунктінде тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған жағдайда МКО лауазымды тұлғасы мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияда және ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парағының оң жақ бетіне, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасы), екінші парағының оң жақ бетіне (жол ведомосы) қолын койып жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылған "Шығаруға рұқсат" деген мөртабанды қояды.
Тасымалдаушы МКО лауазымды тұлғасының қолын койып жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылған "Шығаруға рұқсат" деген мөртабанды қоя отырып, тауарларға арналған кедендік декларацияның және көліктік (тасымалдау) құжаттарының негізінде көлік құралын кірме жолға беруді жүргізеді.
27. ЕАЭО кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарлар теміржол станциясы жұмысының технологиялық процессіне сәйкес ЕАЭО кедендік аумағынан әкетуге жатады.
Егер ЕАЭО кедендік аумағына әкелуі шектелген тауарлар мен көлік құралдарын әкелген кезде шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылмаса, мұндай тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілуге жатады.
28. Тауарларды шектес мемлекеттің аумағына қайтару туралы шешім ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парағының оң жақ бетіне, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасына) жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылған "Кері қайтарылуға жатады" деген мөртабанмен расталады.
Көрсетілген тауарларды әкету бойынша шаралар қабылдау теміржол көлігі саласындағы заңнамаға сәйкес іс-қимылды жүзеге асыратын Тасымалдаушыға жүктеледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.29. Егер теміржол көлігімен әкелінген тауарлар өткізу пунктінде кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылып көліктің басқа түріне қайта тиелсе жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы тасымалдау (тасу) құжатының 1 және 2-парағында күнін көрсетіп, қолын қойып жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырған қайта тиеу туралы белгі қояды.
5-тарау. Кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру
30. Кодекстің 149-бабына сәйкес Тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты ретінде әрекет ете алады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.31. ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттарды сақтаған кезде тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылады.
32. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырған кезде жөнелтуші кеден органы транзиттік декларация ретінде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 Шешімімен бекітілген, Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге және тіркеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 2-тармағында айқындалған құжаттарды, сондай-ақ ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген мәліметтерді қабылдайды.
33. Транзиттік декларациямен бірге декларант жөнелтуші кеден органына транзиттік декларацияның электрондық көшірмесін ұсынады.
Алдын ала ақпарат пен ілеспе (коммерциялық), көліктік (тасымалдау), және (немесе) өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер арасында алшақтықтар болмаған жағдайда ұсынылған ақпарат транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде пайдаланылады.
Жөнелтуші кеден органы транзиттік декларацияны оны ұсынған сәттен бастап бір сағаттан көп емес мерзімде тіркейді, сонымен қатар ақпараттық технологияларды пайдаланып транзиттік декларацияның электрондық көшірмесін тіркейді.
Бұл ретте жөнелтуші кеден органы ілеспе (коммерциялық) құжаттардың болуын тексереді және оларға инспекциялық-тексеріп қарау кешенін (бұдан әрі - ИТК) қолдануымен алынған "ИТК бақылау, күдіксіз" не "ИТК бақылау, күдікті" деген мөртабандары қойылған, МКО лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрімен куәландырылған суреттерін (рентген-суреттер) қоса тіркейді.
"ИТК бақылау, күдікті" деген мөртабан болған жағдайда:
Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтетін тауарларға қатысты анықталған;
жеткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларға қатысты межелі станцияда кедендік тексеріп қарау жүзеге асырылады.
34. Жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес транзиттік декларацияны тіркегеннен және ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген шарттарды сақтай отырып тауарлар ұсынылғаннан кейін барынша қысқа, бірақ транзиттік декларацияны тіркеу сәттен бастап кеден органының төрт сағат жұмыс уақытынан аспайтын мерзімде тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
Егер ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тауарларды шығару мерзімдері жөнелтуші кеден органының жазбаша рұқсатымен кедендік бақылау нысандарын жүргізу мен аяқтау үшін қажетті, бірақ кедендік декларацияны тіркегеннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес уақытқа ұзартылады, мұндай шешімді қабылдау туралы МКО тасымалдаушыға жазбаша хабардар етеді.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды шығару мерзімдерін ұзарту кезінде транзиттік декларацияны тіркеген күннен не Кодекстің 193-бабы 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей МКО тауарларды шығаруды аяқтауы тиіс.
35. Жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруын МКО лауазымды тұлғасы:
1) ХЖҚК теміржол жүкқұжатының, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасы) бірінші парағының оң жақ бетіне;
2) екінші парағының (жол ведомосының) оң жақ бетіне;
3) егер жол ведомосының қосымша даналары теміржол жүкқұжатына қоса тіркелсе, жол ведомосының қосымша даналарында (станцияның күнтізбелік штемпелімен куәландырылған жол ведомосының қосымша даналарының көшірмелері) қолын қойып жеке нөмірлі мөрімен куәландырған "Тауар кедендік бақылауда" деген мөртабанды қойып транзиттік декларациялардың тиісті парақтарын толтыру арқылы жүзеге асырады.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін транзиттік декларацияның данасы, тасымалдау (тасу) құжаттары және жөнелтуші кеден органымен сәйкестендірілген ілеспе (коммерциялық) құжаттар межелі кеден органына ұсыну үшін тасымалдаушыға қайтарылады.
36. Транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау) құжаттарын пайдаланған кезде тауарларды шығаруды ресімдеу осы Қағиданың 34-тармағында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
37. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде жөнелтуші кеден органы ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік транзиттің шекті мерзімін белгілейді және тауарларды жеткізу орнын айқындайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.38. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде осы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың декларанты болуы болмауына қарамастан, Кодекстің 230-бабы 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы:
1) жөнелтуші кеден органы белгіленген мерзімде тауарларды жеткізу орнына, егер де ол белгіленсе, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) белгіленген бағыты бойынша жүре отырып тауарлар мен олардың құжаттарын жеткізуге;
2) егер олар қолданса, тауарларды сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Кодекстің 228-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органының рұқсатынсыз немесе (ҚР кеден заңнамасында көзделген жағдайларда) хабардар етпей кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті.
39. Егер тауарларды тасымалдау (тасу) Кодекстің 230-бабы 1-тармағында көрсетілген көлік құралының екі және одан да көп түрін пайдаланып жүзеге асырылған жағдайда, міндеттер кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларантына жүктеледі.
40. Егер кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде Кодекстің 225-бабы 7-тармағына сәйкес межелі пункті өзгерген жағдайда, МКО рұқсатымен тауарларды жеткізу орны өзгеруі мүмкін. Жеткізу орнын өзгертуге МКО рұқсатын алу үшін тасымалдаушы жүру жолында орналасқан кез келген МКО-ға тауарлардың жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
"Кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 13.12.17 ж. № 170 шешімімен (бұдан әрі – № 170 шешім) белгіленген мәліметтер көрсетілген және құжаттар қоса берілген өтініш электронды құжат, қағаз тасымалдағышындағы құжат не қағаз тасымалдағышындағы құжаттың электронды көшірмесі түрінде жолдануы тиіс.
41. МКО тауарларды жеткізу орнын өзгертуге рұқсатты өтініш және осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Тауарларды жеткізу орнын өзгертуге рұқсат берілгеннен кейін жеткізу орны өзгерген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталады және тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға жатады.
МКО тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы шешімді сәйкестендіру құралдары сақталған жағдайда қабылдайды.
42. Егер осындай жеткізу орны Кодекстің 225-бабына сәйкес жөнелтуші кеден органы бірінші белгіленген тауарларды жеткізу орны сол МКО-ның қызмет аймағында орналасса, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгертуге рұқсат беріледі.
Бұл ретте туарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға не тасымалдаушы жүру жолында орналасқан МКО-ға еркін нысанда екі данада жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішті (бір данасы МКО-да қалады, МКО лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылған екінші данасы тасымалдаушыға ұсынылады), сондай-ақ транзиттік декларацияны, егер ол қағаз тасымалдағышында қоса тіркелсе және тауарларға арналған тасымалдау (көліктік), ілеспе (коммерциялық) құжаттарды ұсынады.
43. Тауарларды жеткізу орнын өзгерткен кезде МКО мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
1) жеткізу орнының өзгергені туралы жөнелтуші және межелі кеден органдарын хабардар етеді;
2) жаңа транзиттік декларацияның тиісті бағандарында "Тауар кедендік бақылауда" деген мөртабанды қояды;
3) жаңа межелі кеден органына дейін тауарлардың жеткізілуін бақылайды;
4) ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайда тауарлардың ұсынылуын талап етеді.
44. Техникалық немесе коммерциялық ақаулықтарды жою үшін кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша өткізілетін көлік құралдарын ағытқан жағдайда, сондай-ақ жөнелтуші кеден органы белгіленген мерзімде тауарларды межелі кеден органына жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда тасымалдаушы кедендік транзиттің белгіленген мерзімін ұзарту мақсатында № 170 Шешімде белгіленген құжаттарды қоса бере отырып және мәліметтерді көрсете отырып жақын орналасқан МКО-ны хабардар етеді.
Өтініш электронды құжат, қағаз тасымалдағышындағы құжат не қағаз тасымалдағышындағы құжаттың электронды көшірмесі түрінде жолдануы мүмкін. Қоса берілген құжаттар да кедендік транзит мерзімін ұзарту жөніндегі өтініш форматында жолданады.
Өтініш жолданған кезде тауарлар мен вагондардың/контейнерлердің кеден органына іс жүзінде келуі немесе кеден органына ұсыну талап етілмейді.
Жөнелтуші кеден органымен белгіленген кедендік транзит мерзімі декларант немесе тасымалдаушының дәлелді өтініші бойынша, егер соңғысы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты болып табылмаса, бір айға 2000 (екі мың) километр есебінен белгіленетін кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
45. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде ұзарту туралы өтініш келіп түскен МКО, ақпараттық жүйені пайдаланып және мүмкіндігінше қысқа мерзімде 1 сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей оны тіркейді, бірақ өтініш тіркелген сәттен бастап 3 сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей кедендік транзиттің мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтініш құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда, кедендік транзиттің мерзімін ұзарту туралы жазба транзиттік декларацияның тиісті бағандарында жөнелтуші кеден органы белгілеген жеткізу мерзімін және транзиттік декларацияда, ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парағының оң жақ бетінде, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасы), екінші парақтың (жол ведомосының) оң жақ бетінде, сондай-ақ егер жол ведомосының қосымша даналары ХЖҚК теміржол жүкқұжатына, ЦИМ/ХЖҚК қоса тіркелсе, жол ведомосының қосымша даналарында (жөнелту теміржол станциясының (беру станциясы) күнтізбелік штемпелімен расталған жол ведомосының қосымша данасының көшірмелері) қойылған "Тауар кедендік бақылауда" деген мөртабанды сызып тастау арқылы МКО лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрімен куәландырылған тауарларды жеткізудің жаңа мерзімі енгізіледі.
Егер өтініш электронды құжат не қағаз тасымалдағышындағы құжаттың электронды көшірмесі түрінде берілген жағдайда МКО қабылданған шешім туралы жауапты сол нысанда жолдайды.
Кеден органдарынан алынған ұзарту тарулы жауапты станция қызметкері басып шығарады, тасымалдау құжатына қосып салады.
46. Егер көлік құралына сәйкестендіру құралдары салынбаса, қызмет аймағында жүк операциялары жүзеге асырылатын МКО алдын ала хабардар еткеннен кейін түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және өзге де жүк операцияларын жасауға рұқсат етіледі. Хабарлама тасымалдаушы № 170 шешімде белгіленген мәліметтер және құжаттар қамтылған жазбаша өтінішті ұсыну арқылы жасалады.
Өтінішке тасымалдаушы қол қояды және қолда бар жедел байланыс арнасы арқылы жақын маңдағы МКО беріледі.
Хабарлама электронды құжат, қағаз тасымалдағышындағы құжат не қағаз тасымалдағышындағы құжаттың электронды көшірмесі түрінде жолдануы мүмкін.
Хабарламаны жолдаған кезде тауарлар мен вагондардың/контейнерлердің кеден органына іс жүзінде келуі немесе кеден органына ұсыну талап етілмейді.
1) Егер көлік құралына сәйкестендіру құралдары салынса, қызмет өңірінде жүк операциялары жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатымен ғана түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және өзге де жүк операцияларын жасауға рұқсат етіледі.
Рұқсат алу үшін тасымалдаушы қызмет аймағында жүк операциялары жүзеге асырылатын МКО жүк операцияларын жасауға және (немесе) № 170 шешімде белгіленген мәліметтер және құжаттар қамтылған көлік құралдарын ауыстыруға өтінішті жолдайды.
Өтініш электронды құжат, қағаз тасымалдағышындағы құжат не қағаз тасымалдағышындағы құжаттың электронды көшірмесі түрінде жолдануы мүмкін.
Хабарламаны жолдаған кезде тауарлар мен вагондардың/контейнерлердің кеден органына іс жүзінде келуі немесе кеден органына ұсыну талап етілмейді.
2) Мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтініш келіп түскен МКО ақпараттық жүйені пайдаланып және мүмкіндігінше қысқа мерзімде 1 сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей оны тіркейді, бірақ тіркелген сәттен бастап 3 сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей рұқсат беру туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
МКО жүк операцияларын жасаудың қажеттілігін көрсетіп қабылданған шешім туралы ақпарат қамтылған құжатты жолдау арқылы тасымалдаушыны қабылданған шешім туралы ақпараттандырады.
47. Жүк операцияларын жасағаннан кейін тасымалдаушы жалпы нысандағы 3 (үш) данада акт толтырады:
1) бір данасы тасымалдау құжатына қоса тіркеледі;
2) бір данасы тасымалдаушыда қалады;
3) бір данасы МКО үшін.
Жүк операциялары жүзеге асырылғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей Тасымалдаушы жүк операциясы жүргізілген қызмет аймағында орналасқан МКО-ға жалпы нысандағы актінің көшірмесін ұсынады.
48. Жалпы нысандағы актінің көшірмесін алған күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей жүк операциясы жүргізілген қызмет аймағында орналасқан МКО байланыстың жедел арналары арқылы межелі кеден органына жүргізілген жүк операциялар туралы ақпаратты жолдайды.
49. Егер оларды жүргізу тауарлардың жойылуына немесе ерекшеліктерінің өзгеруіне әкеп соқса не осындай операцияларды жүргізуге тыйым салынған болса, МКО тауарларға жүк операцияларын жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.
50. Кедендік бақылауда тұрған тауарлар межелі станцияға келген кезде (жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орны) тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтағанға дейін тауарларды межелі станцияның кедендік бақылау аймағына орналастырады.
Тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыру тәуліктің кез келген уақытында рұқсат етіледі.
51. Тауарларды межелі станциядағы кедендік бақылау аймағында (не осындай мақсаттар үшін құрылған уақытша кедендік бақылау аймағында) орналастырғаннан кейін Тасымалдаушы межелі кеден органын станция жұмысының технологиялық процесінде белгіленген мерзімдерде, бірақ межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталғаннан кешіктірмей электрондық пошта арқылы не ақпараттық жүйе (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) арқылы транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, вагонның және/немесе контейнердің нөмірі, жүкқұжаттың нөмірі және тауарды алушы туралы мәліметтерді жіберу жолымен хабардар етеді.
Егер жүру жолында немесе межелі станцияға келуі бойынша жалпы нысандағы акт немесе/және пломбаны немесе жүкті өзгертуге немесе жоюға коммерциялық акт жасалған жағдайда, Тасымалдаушы бұл туралы межелі кеден органын хабардар етеді және көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.
Мерзімдер кедендік бақылау аймағында вагон немесе контейнер орналастырылған сәттен бастап есептеледі.
Тасымалдаушы транзиттік декларацияның (оның көшірмесінің) немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын жөнелтуші кеден органының белгілері бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттардың, сондай-ақ жөнелтуші кеден органына транзиттік декларация қағаз тасығышта берілген жағдайларда межелі кеден органының жазбаша сұрау салуын қоспағанда, жөнелтуші кеден органы сәйкестендірген басқа да қолда бар құжаттардың көшірмелерін межелі кеден органына ұсыну талап етілмейді.
МКО-ның жазбаша сұрау салуын алған кезде, Кодекстің 231-бабының 7-тармағында көзделген мерзімде Тасымалдаушы әрбір жөнелтімге жеке құжаттардың электрондық көшірмесінің мұрағаттық пакетін қалыптастырады және электрондық поштада не ақпараттық жүйе (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) арқылы тиісті күйге келтіру жолымен ақпараттың жеткізілгені туралы растауды ала отырып, МКО лауазымды адамының электрондық мекенжайына электрондық пошта арқылы жолдайды.
МКО-ның жазбаша сұрау салуы келіп түскен кезде, егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, межелі станцияда МКО болмаған кезде Тасымалдаушымен шарт жасасқан тұлға оған сәйкес ол кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаумен байланысты операцияларды жасайды, транзиттік декларацияны, сондай-ақ осы станция қызмет аймағында МКО-да қағаз жеткізгіштегі тасымалдау (көлік) және коммерциялық құжаттарды ұсынады.
Межелі кеден органының талабы бойынша Тасымалдаушы тауарларды ұсынады.
Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімін мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ Тасымалдаушыдан электрондық почта бойынша немесе ақпараттық жүйе арқылы жолданған хабарламаны алған сәттен бастап жұмыс уақытының 4 (төрт) сағатынан кешіктірмей аяқтайды және Тасымалдаушыға кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталғаны туралы электрондық почта бойынша жауап хабарламамен не мәліметтерді ақпараттық жүйе арқылы жіберу туралы хабарлайды.
Бұл ретте кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталғанын растайтын мынадай мәліметтер жолданады:
транзиттік декларацияның нөмірі;
транзит рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін берілген құжаттардың тіркеу нөмірі;
аяқталу күні мен уақыты.
Егер МКО лауазымды тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16699 болып тіркелген), Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларының 4-тармағының негізінде, кедендік жете тексеріп қарау нысанында қосымша кедендік бақылау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, МКО лауазымды тұлғасы кедендік бақылау аймағын айқындайды және Тасымалдаушыға кедендік бақылауда тұрған жүктің келгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап жұмыс уақытының 4 (төрт) сағатынан кешіктірмей хабарлайды. Жүкті орналастыру үшін Кедендік бақылау аймағы көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген уақытша сақтау орны туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Көліктік (тасымалдау) құжаттарында уақытша сақтау орны туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кедендік жете тексеріп қарауды жүргізу үшін межелі станцияға жақын кедендік бақылау аймағы не уақытша кедендік бақылаудың аймағы айқындалады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.52. Кодекстің 232-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар тауарларды декларациялауға не оларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасамаған кезде, межелі кеден органы Тасымалдаушыға көрсетілген іс-әрекеттердің жасалмағаны туралы электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы еркін нысанда хабарламаны жолдайды. Тасымалдаушы хабарламаны алғаннан кейін осындай хабарламаны алған күннен кейінгі жұмыс күні аяқталғаннан кешіктірмей осы тауарларды уақытша сақтауға орналастырады.
Тауарларды уақытша сақтауға орналастырғанға немесе оларды кедендік транзит кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында не уақытша кедендік бақылау аймағында тұрады.
Қағиданың осы тармағының ережелері мынадай жағдайларда:
егер алушы алдын ала кедендік декларациялауды жүзеге асырса;
кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғанға дейін жүк көлік (тасымалдау) құжатында көрсетілген уақытша сақтау орны туралы мәліметтерге сәйкес уақытша сақтауға орналастырылса қолданылмайды.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.53. Тасымалдаушының өтініші бойынша МКО кедендік транзитті аяқтау мақсатында демалыс және мереке күндері кеден бекетінің жұмыс уақытын айқындайды.
Тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында құрылған кедендік бақылау аймағына орналастыру тәртібі, "Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге сәйкес реттеледі.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6-тарау. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру
54. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға орналастыру кезінде, тауарлар көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген уақытша сақтау орындарына оларды орналастыру үшін бөлінеді.
Көліктік (тасымалдау) құжаттарында уақытша сақтаудың нақты орындары көрсетілмеген жағдайда, тасымалдаушы:
1) уақытша сақтауға тауарларды алушымен жасасқан шартты;
2) тауарларды алушының тауарларды белгілі уақытша сақтау орнында орналастыру туралы кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы құжаттың болуын растайтын және өзге де уақытша сақтау орны орналасқан жол учаскесі тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар тұлғаның жеке меншігі боп табылатындығын не көрсетілген тұлғаның жалға алу құқығын растайтын МКО лауызымды тұлғасының белгілері бар жазбаша өтінішін басшылыққа алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда, тасымалдаушы тауарларды межелі кеден органы белгіленген уақытша сақтау орындарына жолдайды.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.55. Уақытша сақтауға тауарларды орналастыруды растау үшін Тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкілдері электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) жіберу жолымен МКО-ға көліктік (тасымалдау), коммерциялық және кедендік құжаттардың нөмірлері, уақытша сақтау орнының атауы туралы мәліметтерді ұсынады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.56. Межелі кеден органы ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеуді осындай құжаттар берілгеннен кейін 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімде жүргізеді.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растау үшін ұсынылған құжаттардың тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау орны және уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы электрондық пошта не ақпараттық жүйе арқылы (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) жіберілген мәліметтер болып табылады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2021 № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.08.2021 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.7-тарау. ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге тауарлардың іс жүзінде кетуді растау кезіндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру
57. ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат ететін кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар тасымалдаушының ЕАЭО кедендік аумағынан кету орнында орналасқан МКО-ға жеткізуіне жатады.
Тауарларды тасымалдаудың, тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозу немесе кему салдарынан тауарлардың мөлшері мен жай-күйі өзгерген, сондай-ақ көлік құралында (цистернада) құйылмайтын қалдықтардың болуына байланысты тауарлар мөлшерінің өзгеруін қоспағанда, тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат ететін кедендік рәсімдерге оларды орналастыру сәтінде болған мөлшерде және күйінде әкетуге жатады.
58. Кету орнына жол жүру кезінде көлік құралын ауыстырған жағдайда кету орнында орналасқан МКО ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсатты ресімдеу туралы шешімді мынадай:
1) ЕАЭО кеден заңнамасына не ЕАЭО мүше мемлекеттің теміржол көлігі саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылатын және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ауыстыру бойынша операцияларды жүргізуге негіздемелерді растайтын құжат;
2) көлік құралына қатысты ауыстыру бойынша операцияларды жасау кезінде сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алу немесе жоюға МКО рұқсатын растайтын құжат не 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеуде жасалған, 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартта қабылданған ЕАЭО Кеден кодексінің 341-бабына сәйкес "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 (бұдан әрі –КОК № 260 Шешімі) шешімімен белгіленген нысанға сәйкес акт болған жағдайда қабылдайды.
59. Кету орнында орналасқан өткізу пунктіне тауарлар келген кезде тасымалдаушы жөнелтуші кеден органын 2 (екі) данадағы беру ведомосын ұсыну арқылы хабардар етеді.
Кету орнында орналасқан МКО лауазымды тұлғасы беру ведомосының екі данасының да жоғарғы оң жақ бұрышына құжаттарды қабылдаған уақытты көрсетіп мөртабан қояды. Беру ведомосының бір данасы кету орнында орналасқан МКО-да қалады, екінші данасы жөнелтуші кеден органына тапсыру кезінде беру ведомосына қоса тіркелген барлық көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттармен қоса тасымалдаушыға қайтарылады.
Бұдан басқа, ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлар кеткен кезде тасымалдаушы кету орнында орналасқан МКО-ға:
1) оларды тасымалдауды жүзеге асыратын тауарлар мен көлік құралдарын;
2) әкетілетін тауарларға көліктік (тасымалдау) құжаттарын;
3) ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат ететін кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған тұлғаның белгілері бар кедендік декларация не өзге де құжат (немесе МКО немесе декларант не кеден өкілі растаған оның көшірмесі), сондай-ақ ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтер ұсынылады.
Кедендік декларацияда не өзге құжатта жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының қолы қойылып, жеке нөмірлі мөрімен куәландырылған "Шығаруға рұқсат" деген мөртабанды қою ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат ететін кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды растау болып табылады.
60. Кедендік бақылау жүргізу нәтижесі бойынша кету орнында орналасқан МКО ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсатты ресімдеу туралы шешім не ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де шешім қабылдайды.
ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат:
1) кедендік декларацияның не өзге де құжаттың оң жақ бетіне, сондай-ақ ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парағының оң жақ бетіне, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасы), екінші парағында (жол ведомосының), сондай-ақ тасымалдаушының жол ведомосының қосымша данасында - "Жүк өтті" деген мөртабанды;
2) кедендік декларацияның артқы жағына – ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды әкету күнін көрсетіп "Тауар толығымен әкетілді" деген мөртабанды қою арқылы ресімделеді.
Егер тауар бөлшектеп әкетілсе не толығымен әкетілмесе ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес (Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 Шешіміне қосымша) негізгі және/немесе қосымша өлшем бірліктерінде әкетілген тауарлардың мөлшерін және тауарлар іс жүзінде әкетілген күнді көрсетіп "Тауар … мөлшерде әкетілді" деген мөртабан қойылады.
Белгілер мен жазбалар МКО лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады.
Бұл ретте кету орнында орналасқан МКО-да ХЖҚК теміржол жүкқұжатының, ЦИМ/ХЖҚК бірінші парағының көшірмесі қалады.
ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
61. Кедендік бақылау жүргізудің нәтижесінде тауарлардан көлік құралын ағытуды талап ететін ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу анықталған жағдайда кету орнында орналасқан МКО, осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеріп қарауды жүргізу орны мен уақытын көрсете отырып, жүк тиелген көлік құралын ағытуға талап толтырылады.
Талап 2 (екі) данада толтырылады және МКО лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрімен куәләндырылады.
Кедендік тексеріп қарау актісінің бір данасы тасымалдаушыға беріледі.
Кету орнында орналасқан МКО-ның ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат ету туралы шешімі тасымалдаушы анықталған ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жойылғаннан кейін қабылданады.
Тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерге шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін көліктік (тасымалдау) және ілеспе (коммерциялық) құжаттар тасымалдаушыға қайтарылады.
МКО тауарларын кідірту туралы шешім қабылдаған жағдайда көлік құралы (вагон) жүктен босатылады және нұсқаулыққа сәйкес вагон иелеріне жіберіледі.
8-тарау. Жүктерді кедендік тексеріп қарау, сәйкестендіру құралдарын салу және алу
62. Жүктерге кедендік тексеріп қарау ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі. Жүктерді тексеріп қарау тасымалдаушының және тауарға қатысты өкілеттіліктері бар тұлғаның өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге рұқсатты МКО басшысы не оны алмастыратын тұлға МКО лауазымды тұлғасының рапорты/қызметтік жазбасының негізінде беріледі.
МКО лауазымды тұлғасы кедендік тексеріп қарауды (қарап тексеруді) жүргізу үшін жайластырылған, арнайы жабдықталған алаңдарда, уақытша сақтау үшін көзделген үй-жайларда немесе тұрақты, уақытша кедендік бақылау аймақтарда кедендік тексеріп қарауды жүргізеді.
МКО лауазымды тұлғасы тасымалдаушының мекенжайына МКО кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін белгіленген күні мен орнын көрсете отырып, вагон/контейнерді ағыту және беру туралы жазбаша хабарлама жолдайды. МКО кедендік тексеріп қарауды жүргізу тағайындалғаны туралы декларантты хабардар етеді.
Кеден органы кедендік тексеріп қарауды жүргізу мерзімін тасымалдаушы вагон/контейнерді белгіленген орынға (УСҚ, тасымалдаушының жабдықталған орны) әкелген, кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Егер вагон/контейнер тексеріп қарауды жүргізуге кезекте тұрған жағдайда, тексеріп қараудың мерзімі транзиттік декларацияны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Бұл ретте кедендік тексеріп қарауды жүргізу мерзімі МКО басшысының (бастығының) немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның тексеріп қарауды жүргізу орнын көрсете отырып жазбаша рұқсатымен ұзартылуы мүмкін, және кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен асуы мүмкін емес. Қабылданған шешім туралы тасымалдаушы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
63. Кедендік тексеріп қараудың нәтижесі бойынша № 260 КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісі 2 (екі) данада толтырылады:
1) бірінші данасы кедендік тексеріп қарау жүргізілген МКО-да қалады;
2) екінші данасы тасымалдау (көліктік) құжаттарға қоса тіркеліп межелі станцияға жолданады.
Тауарлар мен көлік құралдарына тексеріп қарау жүргізген станцияның ісінде кедендік тексеріп қарау актісінің көшірмесі қалады.
МКО тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тексеріп қарауды декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар, және олардың өкілдері болмағанда ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жүргізеді, ол екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі және № 260 КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісімен ресімделеді.
Кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін вагонды, контейнерді, сондай-ақ олардың ішінде тұрған көлік құралдарын ашкан кезде тасымалдаушы ХЖҚК 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша МКО лауазымды тұлғасы қол қоятын әкімшілік бақылау жүргізу үшін ашу актісін ресімдейді.
64. Тасымалдаушы МКО талабы бойынша тасымалдап жатқан тауарлар мен осындай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларын жүргізуге ықпал етеді.
65. ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталған жағдайда МКО Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
9-тарау. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарына сәйкестендіру құралдарын салу
66. Кедендік бақылаудағы тауарлар көлік құралдарына сәйкестендіру құралдарын (пломба, бекіту-пломбалау құрылғысы) салу арқылы тасымалданады. Теміржол көлігі саласындағы заңнамаға сәйкес сәйкестендіру құралдары салынбай тасымалдауға рұқсат етілетін, ашық жүру құрамында тасымалданатын тауарлар кедендік бақылауда тасымалданады.
67. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарына салынған сәйкестендіру құралдарын тек МКО немесе егер тауарлардың жойылуына, қайтарымсыз жоғалуына немесе елеулі бүлінуіне нақты қауіп болған жағдайларды қоспағанда, олардың рұқсатымен ғана өзгертілуі, алынуы немесе жойылуы мүмкін.
Көлік құралдарына сәйкестендіру құралдарын салуды МКО лауазымды адамы немесе талап етуі бойынша вагонды (контейнерді) ашу жүргізілген МКО лауазымды адамының қатысуымен тауарларға қатысты уәкілетті тұлға жүргізеді. Алынған және жаңадан қойылған сәйкестендіру құралдары туралы ақпаратты МКО лауазымды тұлғасы кедендік тексеріп қарау актінің және транзиттік декларацияның тиісті бағандарында, сондай-ақ тасымалдаушы теміржол жүкқұжатының артқы жағында көрсетеді.
Тасымалдаушы жүру жолында вагонда (контейнерде) сәйкестендіру құралдарының болуын олардың тұтастығы мен тасымалдау құжатында көрсетілген мәліметтердің нөмірлеріне сәйкес келу пәніне тексеруді коммерциялық қарап тексеру пункттері бар станцияларда жүргізеді.
Сәйкестендіру құралдарының болмау немесе бүліну фактілері анықталған жағдайда, бірақ жүкке рұқсат болмаған жағдайда, тасымаладушы жүк поезы құрамынан вагонды ағытпай көлік құралын пломбылайды. Сәйкестендіру құралдарын салу себептері және олардың нөмірлері, сондай-ақ транзиттік декларацияның нөмірі 3 (үш) данада толтырылған жалпы нысандағы актіде көрсетіледі, актінің бір данасы байланыстың электронды құралдары арқылы және қолма-қол сәйкестендіру құралдарының жоқтығын анықтаған қызмет аймағында станция орналасқан МКО-ға жолданады.
Тасымалданатын жүктің сақталуына қауіп төндіретін коммерциялық ақаулықтары бар вагондар (контейнерлер) анықталған жағдайда тасымалдаушы жүк поезы құрамынан вагонды ағытады және электронды пошта арқылы және қолма-қол МКО-ны жазбаша нысанда хабардар етеді. Қызмет өңірінде станция орналасқан МКО лауазымды тұлғасы тасымалдаушыдан өтінішті алған сәттен бастап кем дегенде 24 (жиырма төрт) сағат мерзімінде көлік құралына кедендік тексеріп қарауды жүргізеді.
Хабарламаның көшірмесі оны алу туралы МКО-ның растауы бар жалпы нысандағы актінің данасымен бірге станцияның ісінде сақталады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 15.10.2019 № 1141 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 № 789 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.68. МКО жөнелту және межелі кеден органына көлік құралына кедендік тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы хабарлайды.
10-тарау. Авария немесе еңсерілмейтін күш әрекеті жағдайында тауарлар мен көлік құралдарына бақылау жасау
69. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авария, еңсерілмейтін күш әрекеті жағдайында немесе кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларға байланысты тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттарын және (немесе) жалпы нысандағы актінің көшірмесі қоса тіркеп жүктің, пломбылардың және көлік құралының жағдайы, сондай-ақ жүкті қайта тиеу, тексеру немесе жүкпен өзге де жүк операцияларын жасау қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы мәліметтерді көрсетумен хабарламаны беру жолымен қызмет өңірінде жүк орналасқан кеден органына дереу хабарлайды.
Өтініш келіп түскен МКО мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ жұмыс уақытының 1 сағатынан кешіктірмей оны ақпараттық жүйелерді пайдаланумен тіркейді және мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ тіркелген сәттен бастап жұмыс уақытының 3 сағатынан кешіктірмей жүкті тасымалдау керек кедендік бақылау аймағын немесе өзге орынды көрсете отырып өтініштің тіркелгені туралы жауапты ұсынады, ал егер жүкті тасымалдау (оның ішінде оның жоғалу, жойылу себебі бойынша) мүмкін болмаса, кеден органының лауазымды тұлғасы келетін мерзімді көрсетеді.
Тасымалдаушы жақын маңындағы МКО-ға не МКО көрсеткен өзге орынға тауарлардың (егер оның көлік құралы бүлінген болса) тасымалдауын қамтамасыз етеді.
Кеден органының лауазымды тұлғасы жүк орналасқан орынған келгеннен, не кеден органы көрсеткен орынға жүк жеткізілгеннен кейін тасымалдаушы ілеспе құжаттары бар тасымалдау құжатын, сондай-ақ тасымалдауға кедергі келтірілетінін растайтын құжаттарды ұсынады.
Қажет болған кезде Кедергі келтіретін мән-жайлар туралы хабарламаны бергеннен кейін тасымалдаушы жеткізу мерзімін ұзарту, жеткізу орнын өзгерту, қайта тиеу, түсіру, көлік құралын ауыстыру үшін қажетті әрекеттерді жасайды.
70. Осы жағдайлар туралы хабарламаны алған МКО кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болған жағдайлар туралы жөнелту және межелі кеден органдарын хабардар етеді.
71. Аварияға байланысты тауарларды өзге көлік құралына қайта тиеу қажет болған жағдайда МКО тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеу актісін 2 (екі) данада толтырады (бір данасы кеден органында қалады, екінші данасы тасымалдаушыға беріледі).
МКО растаған қайта тиеу актісінің көшірмесі межелі кеден органы үшін кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде есепке алу үшін тасымалдау (көліктік) құжаттарына қоса тіркеледі.
Қайта тиеу актісіне авария фактісін растайтын құжаттар қоса тіркеледі (қорытындылар немесе өзге мемлекеттік органдардың актілері, жалпы нысандағы актінің көшірмесі).
72. МКО транзиттік декларацияға жаңа көлік құралы және қайта салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтерді енгізеді, қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырады.
Тасымалдаушы ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парақтың, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасы), екінші парағының (жол ведомосының), сондай-ақ жол ведомосының қосымша данасының, егер жол ведомосының қосымша даналары жүкқұжатына қоса тіркелсе, тиісті бағандарына жаңа көлік құралы және қайта салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтерді енгізеді, қолымен және станция штемпелімен куәландырылады және қайта тиеуге қатысқан МКО лауазымды тұлғасының тегі көрсетілетін жалпы нысандағы акт толтырылады. Тасымалдаушы ХЖҚК жүкқұжатының, ЦИМ/ХЖҚК "Тасымалдаушының белгілері" деген бағанына сәйкестендіру құралдарының ауыстырылғаны туралы белгілер қояды.
11-тарау. Вагондар ағытылған жағдайда бақылау жасау және қате келген жүктерді қайтару тәртібі
73. Жолда бір теміржол жүкқұжатымен келе жатқан бір немесе бірнеше вагондар ағытылған жағдайда тасымалдаушы бұл туралы жалпы нысандағы акт толтырады. Техникалық немесе басқа себептерге байланысты жүру жолында ұсталған вагондарды, контейнерлерді қайта жолдау МКО белгілері бар, МКО лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрінің бедерлерімен куәландырылған көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ХЖҚК қызметтік нұсқаулыққа 1.1 және 1.2-қосымшаларына сәйкес қайта жолдау тізімдемесінің бланкісінде ресімделеді.
74. Тасымалдаушы тасымалдау (көліктік) құжаттарынсыз әкелген кезде тауарларды анықтаған және оның шетелдік алушыға тиесілі екендігін белгілеген жағдайда, ол мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
1) жүк орналасқан аймақтағы МКО-ға жүктің тиесілігі туралы ақпараттандырады;
2) МКО-ға жүктің тиесілігін растайтын жүкті іздестіру бойынша хат алмасуын, коммерциялық актінің көшірмесін және жүкті жөнелту туралы станцияның жазбаша өтінішін ұсынады.
Көрсетілген материалдарды ескере отырып, МКО Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүкті межелілігі бойынша бұдан әрі жолдау туралы шешім қабылдайды.
75. Алушы кедендік бақылаудағы тауарларды алудан бас тартқан жағдайда немесе жүктің алушысы болмаса, сондай-ақ жүктің тиесілігі анықталмаған жағдайда тасымалдаушы оны осы Қағидаға 5-бөліміне сәйкес уақытша сақтау орындарына орналастыру бойынша шаралар қабылдайды және бұл туралы МКО-ға хабарлайды.
Егер Кодексте белгіленген мерзім өткен бойда тауар талап етілмесе немесе кедендік рәсіммен орналастырылмаса, МКО ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында қарастырылған шараларды қабылдайды.
76. Қате келген жүктерді қайтару жүкке қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның не аталған тұлғалардың жазбаша келісімі бойынша тасымалдаушының жазбаша өтінішінің негізінде МКО рұқсатымен жүзеге асырылады. Жазбаша өтініште тасымалдау құралдарының нөмірі мен жүктің атауы көрсетіледі. Қайтару қате келген тауарды іс жүзіндегі межелі пунктіне дейін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
12-тарау. Заттай дәлелдемелер болып табылатын жүктерді сақтау
77. Уақытша сақтау орындарына орналастырылған заттай дәлелдемелер ретінде МКО ұстаған жүктер р Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1998 жылғы 1 желтоқсан № 1043, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1998 жылғы 12 қараша № 121, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті 1998 жылғы 8 желтоқсан № 73, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылғы 22 желтоқсан № 598, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2 желтоқсан № 429, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігі 1998 жылғы 28 желтоқсан № 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген "Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы" Нұсқаулығына сәйкес, көлік құралы заттай дәлелдемелер ретінде танылған жағдайларды қоспағанда.
Заттай дәлелдемелер болып табылатын жүктерді алу кезінде алуды жүргізген МКО жүктерді алу туралы хаттаманы толтырады және хаттаманың көшірмесін тасымалдаушыға береді.
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен өзара іс-қимыл қағидасына 1-қосымша нысан |
Алдын ала ақпаратты ұсынбау туралы Акт (себептері міндетті түрде көрсетіледі)
Мемлекеттік кірістер органы _______________________________________________
20__ ж. "__ " № ___
Тауар (-лар) туралы мәлімет (оның ішінде тауарлардың иесі, тасымалдаушы туралы мәлімет):
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Вагон(дар)/ контейнерлер №
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Алдын ала ақпаратты алу мүмкіншіліктердің болмау себебі (-тері) ____ __________
Себептерді көрсету
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер
20__ ж. "____"_____ ____ органдарының лауазымды тұлғасы
сағ.______ мин. Жеке нөмірлік мөр_____________
Тегі, аты және әкесінің аты Тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда) (болған жағдайда)
_______________________ _____________________________
қолы ______________________ қолы _________________________
Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен өзара іс-қимыл қағидасына 2-қосымша нысан |
Вагонды/контейнерді ағытуға қойылатын талап
Мемлекеттік кірістер органы _____________________________________________
20 __ ж. "__ " № ___
Тасымалдаушыға ____________________________________
№_______________________________________вагон/контейнерлерді ұстау/жіберу
Ұстау мақсаты ______________________ ___________________________________
Ұстау себептерін көрсету
және кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін жеткізу ________________________
20 __ ж. "___" ________ ___ сағ. ______ мин.
Мемлекеттік кірістер
органдарының лауазымды тұлғасы қолы _______________ ЖНМ
Қабылдадым
тасымалдаушының уәкілетті тұлғасы _____________
20 ___ ж. "____"__________ ______сағ. __________ мин
Қолы Тегі, аты және әкесінің аты._________________
(болған жағдайда)
Орындалуы туралы белгі:
Тасымалдаушының уәкілетті тұлғасы Мемлекеттік кірістер органның
20 ___ ж. "____"____________ лауазымды тұлғасы
______ сағ. мин. ___________ ЖНМ _________________________
Тегі, аты және әкесінің аты Тегі, аты және әкесінің аты
(болған жағдайда) (болған жағдайда)
қолы _______________________ қолы ________________________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлармен өзара іс-қимыл қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 27-бабына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен халықаралық әуежайдың әкімшілігі келесі негізгі бағыттар бойынша өз қызметтерін үйлестіреді:
бірлескен талдау және жүкжолаушылар ағынының өзгеру үрдісін, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының мүмкін бұзушылықтарын болжайды;
әуе өткізу пунктінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру.
3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) және Халықаралық әуежайдың әкімшілігі ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына, осы Қағидаға және әуежай жұмысының технологиялық процесіне сәйкес МКО мен халықаралық әуежайдың өзара іс-қимыл схемасын әзірлейді.
4. Кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін әуежай әкімшілігі МКО-ны:
халықаралық авиарейстердің ұшу және келу залдарында кедендік бақылау аймағы болып табылатын кедендік бақылауды жүзеге асыру орындармен;
тұлғаларға жеке қарап тексеру жүргізу үшін үй-жайлармен;
серверлік жадықтарды, байланыс тораптарын орналастыруға арналған орындармен;
қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді.
2-тарау. ЕАЭО аумағына шетелдік және қазақстан кемелердің (халықаралық ұшуларды орындайтын) ұшып келу кезінде өзара іс-қимылын ұйымдастыру
5. ЕАЭО кедендік аумағына шетелдік және халықаралық ұшуларды орындайтын қазақстан кемелер тасымалдайтын жүктердің (тауарлардың) келуі тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында және осы орындардағы МКО жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
6. Шекаралық, кедендік, санитариялық-эпидемиологиялық, фитосанитариялық, ветеринариялық бақылау өкілдерінен құралған мемлекеттік бақылау органдары (бұдан әрі - комиссия) халықаралық әуежай аумағына әуе кемесі ұшып келген кезде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тиісті бақылауды жүзеге асырады.
7. Шетелдік және халықаралық ұшуларды орындайтын қазақстан кемелері (авиакомпаниялар) (әуе кемелердің жоспардан тыс техникалық отыруларын қоспағанда) халықаралық рейске жөнелту пунктінен ұшақтың ұшуына дейін рейстің нөмірі, жүру маршруты, әуе кеменің нөмірі және жолаушылар саны (жолаушылар тізімі) мен олардың багажы туралы алдын ала деректерді электронды байланыс арқылы немесе қағаз тасымалдағышында межелі кеден органына жолдайды.
8. Әуежай диспетчері әуе кеменің келуіне дейін 20 минут бұрын әуе кемесінің келуі туралы МКО-ға хабарлайды.
9. Әуе кеменің түсірілуі МКО рұқсатынан кейін жүзеге асырылады. Жолаушылардың түсіруін аяқтағаннан кейін, және багаж бен жүктерді түсіргеннен кейін МКО лауазымды тұлғалары әуе кемесінің экипаж мүшесінің қатысуымен әуе кеменің сырты мен ішін тексеріп қарайды.
10. Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлардың ЕАЭО кедендік аумағына келуі туралы МКО-ға хабарлайды.
Тасымалдаушының атынан құжаттарды МКО-ға өкілдер не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар ұсынады.
11. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды келу орнындағы МКО тауарларды ұсынғаннан кейін үш сағат ішінде жасайды.
12. Жүк рейсі келгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының, кеден қоймасының жауапты тұлғасы алушының өкілдеріне кедендік бақылаудағы жүктердің келгендігін хабарлайды.
13. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасауы ЕАЭО және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Әуежайда тұру уақытында барлық халықаралық ұшуларды орындайтын кемелер және жүктер кедендік бақылауда болады.
3-тарау. ЕАЭО аумағынан шетелдік және халықаралық ұшуларды орындайтын қазақстан кемелердің ұшып кету кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру
15. Рейстің тіркелуі басталғанға дейін 20 минут бұрын диспетчер МКО кезекшілік қызметіне хабарлайды.
16. Ұшып кететін жолаушылар мен багажға кедендік бақылау әуе кеменің ұшуына 3 сағат бұрын басталып 40 минут қалғанға дейін аяқталады.
17. Әуе кеменің ұшуына дейін кем дегенде 2 сағат 20 минут қалғанда оны МКО лауазымды тұлғаларының әуе кеменің экипаж мүшесінің қатысуымен қарап тексеруге жатады. Әуе кеменің экипаж мүшесі әуе кеменің қуыстарын, кеңістігінің люктер мен бөліктерін ашып қарап тексеруге ұсынады. Әуе кеменің бортында рейске қызмет көрсетуде тартылмаған тұлғалардың әуе кеменің ішінде және жақын маңында жүруін болдырмайтын режим белгіленеді. Кедендік бақылау әуе кеменің ұшып кетуіне дейін жүзеге асырылады.
18. ЕАЭО кедендікдік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік декларациялауы ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Кедендік бақылауды өтпеген жолаушылардың ұшуына рұқсат етілмейді.
20. Өз құзыреттері шеңберінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін МКО мен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің лауазымды тұлғаларына материалдық-техникалық құралдарды (рентген-телевизиялық құрылғылар, жарылғыш заттардың буын (бөлшектерін) анықтау үшін арналған құрылғылар, радиациялық бақылау жүйелері және өзге де құралдар) бірлесіп пайдалануға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 бірлескен бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының теңіз немесе өзен порттарымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз немесе өзен порттарымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 27-бабына, сондай-ақ 1965 жылғы 9 сәуірдегі Халықаралық теңіз кеме қатынасын женілдету бойынша Конвенцияға, "1978 жылғы жүктердің теңіз тасымалы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын ратификациялау туралы" 2007 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1978 жылғы жүктердің теңіз тасымалы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына (Гамбург, 1978 жылғы 31 наурыз) сәйкес әзірленген және теңіз (өзен) кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының теңіз немесе өзен порттарымен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары мен теңіз және өзен порттарының әкімшілігі өз қызметтерін келесі негізгі:
бірлескен талдау және жүк пен жолаушылар ағынның өзгеру тенденциясын, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзушылықтарын болжау;
теңіз немесе өзен өткізу пунктінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру бағыттары бойынша үйлестіреді.
3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) және теңіз немесе өзен порттарының әкімшіліктері, ЕАЭО және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына, осы Қағидаларға және порт жұмысының технологиялық процесіне сәйкес теңіз немесе өзен порттары мен МКО өзара іс-қимыл сызбасын әзірлейді.
4. МКО теңіз немесе өзен порт әкімшіліктерімен келісу бойынша, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін теңіз немесе өзен порт аумағының шегінде кедендік бақылау аймақтарын анықтайды.
5. Портта (рейдте) мемлекеттік бақылауды жүргізу уақытында шетел және шетелде жүзетін қазақстандық кемелерінің тұру орны мен ұзақтығы, жолаушыларды отырғызу және шығару, сондай-ақ жүкті (көлік құралын) тиеу және түсіру МКО мен теңіз әкімшілік портының келісімі бойынша теңіз немесе өзен портының әкімшілігімен айқындалады.
2-тарау. ЕАЭО аумағына шетелдік және шетелде жүзетін қазақстандық кемелердің келуі кезінде теңіз және өзен порттарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру
6. ЕАЭО кедендікдік аумағына шетелдік және шетелде жүзетін қазақстандық кемелермен тасымалданатын жүктердің (тауарлардың) келуі ЕАЭО кедендікдік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында жүзеге асырылады.
7. Шекаралық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау өкілдерінен құралған мемлекеттік бақылау өкілдерінен мемлекеттік бақылау органдары (бұдан әрі - комиссия) теңіз портының аумағына кеменің келуі кезінде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тиісті бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау органдары мемлекеттік бақылауды жүргізу уақытын барынша азайту, қайталанатын функциялар мен әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын негізсіз ұстауға жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдайды.
8. Шетелдік және шетелде жүзетін қазақстандық кемелер портқа келгенге дейін (порттан шығу) 48 сағат ішінде агенттік фирма (кеме иесі) арқылы портқа келуге (порттан кетуге) ресімдеуге алдын ала өтінімді теңіз немесе өзен портының әкімшілігі мен МКО-ның мекен-жайына ұсынады. Алдын ала өтінім кеме келгенге дейін 6 сағаттан кем емес уақытта расталады.
Алдын ала өтінімде кеме, портқа шығу (өту), жүктің (тауардың) сандық мен сапалық құрамы, жүкті жөнелтуші мен жүкті алушы, сондай-ақ кеме тобының және жолаушылардың саны туралы ақпарат болады.
9. Шетелде жүзетін кемелерді ресімдеуге арналған өтінімдерді орындау бір мұнайқұю кемеге, бір құрғақ жүк кемесіне және бір жүкжолаушылар паромына оларды ұсыну тәртібінде бір комиссиядан кем емес ұсына отырып тізбектілі, бір уақытта жүргізіледі. Кемелерді және теңіз өнімнің кәсібін ресімдеу мен мемлекеттік бақылау өткізу пунктінің шегінде айлақта немесе рейдте кеме иелерінің (уәкілетті тұлғалардың) өтінімдері бойынша теңіз немесе өзен портының әкімшілігімен белгіленген кезегіне сәйкес жүзеге асырылады. Кемелерді ресімдеу және мемлекеттік бақылау кезінде бірінші кезектің басым құқығымен балғын және мұздатылған су биологиялық ресурстарының ауланған балығы бар кемелер пайдаланады.
Шұғыл жағдайларда (науқас адамды түсіру, кемедегі авария және тағы басқа) өтінім кезектен тыс қабылданады және орындалады.
10. Шетелде жүзетін кеме (капитан атынан) портқа келуі бойынша және порттан шыққан кезде бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды комиссияға ұсынады.
11. Кеменің келуін ресімдеу кезінде комиссия жұмысы басталғаннан басьап және оның жұмысы аяқталғанға дейін қандай да бір затты кемеге немесе кемеден беруге, сол сияқты адамдарды отырғызуға және түсіруге тыйым салынады.
12. Шетелден келген кемелерді комиссиямен ресімдеу оларды санитарлық қараудан кейін жүргізіледі. Кемеге кіру санитарлық қарау аяқталғаннан және карантиндік жалау түсірілгеннен кейін жүзеге асырылады.
13. МКО лауазымды тұлғасы тәуліктің кез келген уақытында қызметтік міндетін орындау үшін кеме бортына көтерілуіне құқылы. Кеме капитаны қызметтік міндетін орындау мақсатында кедендік бақылауды жүргізу үшін барлық талап етілген құжаттарды, тұрмыстық және қызметтік бөлмелерді береді.
14. Кемені кедендік ресімдеу кезіндегі МКО іс-әрекеттері:
1) кеме бортында комиссия құрамының жұмыс барысында кеме құжаттамасының, экипаж мүшелерінің және жолаушылардың ресімделуі жүргізіледі;
2) кеме жүк бөлмелерінің немесе контейнерлердің техникалық жағдайы тексеріледі;
3) рұқсат ету туралы тақтайшалардың болуы, сәйкестендіру құралдарының жағдайы, кемедегі контейнерлер мен жүк бөлмелерінде пломбалау бауының тұтастығы тексеріледі;
4) кедендік бақылау аймағына жүкті орналастыруға рұқсат береді.
15. Тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар тұлғалар болмаған жағдайда, тасымалдаушы ретіндегі тұлға немесе басқа мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға немесе оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдарына портқа келген тауарларды ұсынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарының келесі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірмей жасайды.
16. Портта тұру уақытында шетелде жүзетін барлық кемелер және жүктер кедендік бақылауда болады.
17. Егер жүкті қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде келген жүк алушымен немесе жөнелтушімен не жүкке билік ететін өкілетті тұлғамен сұранысқа ие болмаған жағдайда, теңіз немесе өзен портының әкімшілігі Кодекстің талаптарына сәйкес қажетті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы МКО-ға хабарлама жолдайды.
3-тарау. ЕАЭО аумағынан шетелдік және шетелде жүзетін қазақстандық кемелердің кетуі кезінде теңіз және өзен порттарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру
18. Тауарлардың шығарылуын көздейтін кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарлар және ЕАЭО кедендікдік аумағынан тысқары шығару үшін тасымалдаушы қабылдаған оларға арналған құжаттар, теңіз немесе өзен өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО кедендік аумағынан кету орны болып табылатын МКО-ға жеткізіледі.
Тауарлар тасымалдау, тасу және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозу немесе кему салдарынан тауарлардың саны мен күйінің өзгерістерін қоспағанда, белгілі бір кедендік рәсімге орналастыру кезінде болған саны мен күйінде шығарылады.
19. ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуі кезінде жүк жөнелтуші кету орындағы МКО-ға: ұсынады:
тауарлар және оларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын;
әкетілетін тауарларға арналған көліктік (тасымалдау) құжаттарын;
ЕАЭО кедендікдік аумағынан тауарлардың шығуына рұқсат беретін кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған МКО белгісі, сондай-ақ ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген құжаттар мен мәліметтері бар кедендік декларация немесе басқа да құжатты (МКО немесе декларант не кеден өкілімен расталған олардың көшірмесі) ұсынады.
20. Кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша кету орнындағы МКО лауазымды тұлғасы ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсатты ресімдеу туралы, не ЕАЭО мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге де шешімді қабылдайды.
ЕАЭО кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне арнлаған рұқсат ақпараттық технологиялардың пайдалана отырып жүзеге асырылады.
21. Белгіленген тәртіпте шығарылған тауарларды кемеге тиеуге рұқсатты ресімдеу үшін тауарларды тасымалдайтын тұлға белгіленген нысанда тауарларды тиеуге тапсырманы (бұдан әрі - тапсырма) МКО-ға ұсынады.
Тапсырмада мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) тапсырманың реттік номері мен күні;
2) кеменің атауы;
3) тауарларды тиеу порты;
4) жөнелтушінің атауы;
5) тауарларды түсіру порты;
6) алушының атауы;
7) тауарлардың атауы, орындар саны, салмағы (кг), көлемі (м3), таңбалау, ораманың түрі және тауарларды бір мәнде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәлімет;
8) әкетілетін тауарларға кедендік рәсім жүргізілген декларациялардың анықтамалық нөмірлері.
22. Тапсырмадағы тауарлардың мөлшері (салмағы, көлемі және өзге) кедендік декларацияда мәлімделген тауарлар мөлшерінен аспауы тиіс. МКО тапсырманы 12 сағат ішінде қарайды.
23. Тауарларды тиеуге бақылау жасайтын МКО лауазымды тұлғасы ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды кемеге тиеудің кез келген сәтінде ашуды, қайта есептеуді, қайта өлшеуді талап етуі мүмкін.
Жүргізілген әрекеттердің нәтижесінде МКО лауазымды тұлғасы "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша кедендік тексеріп қарау (қарап тексеру) актісін толтырады.
24. Кемеге жүктерді (тауарларды) тиеу аяқталғаннан кейін жүктерге (тауарларға) қатысты құжаттар (коносамент, жүк туралы декларация, кеме манифестері және басқа құжаттар) ресімделеді.
25. Кемеге жүктерді (тауарларды) тиеу аяқталғаннан кейін МКО лауазымды тұлғасы ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда тапсырмада мәлімделген мәліметтерді, жүкке (тауарларға) қатысты құжаттарда көрсетілген мәліметтермен салыстыруды жүргізеді, сәйкестендіру құралдарын салады (пломба, мөр және өзге де құралдар).
Салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының нөмірлері мен саны туралы кеме манифесттерінде және жүк туралы декларацияда тиісті белгілер қойылады.
26. кемелерді жөнелту барысында, кеме (капитаны) МКО-ға келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы декларация;
2) жүк туралы декларация немесе Кеме манифесті;
3) кеме керек-жарақтары туралы декларация;
4) кеме рөлі;
5) жолаушылар тізімі;
6) Дүниежүзілік Пошта Конвенциямен реттелетін құжат.
4 тарау. Теңіз және өзен портындағы жүк операциялары
27. Кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарымен жүк операциялары МКО рұқсатын алынғаннан кейін жүргізіледі.
Теңіз немесе өзен портының әкімшілігі ауызша нысанда жұмыс басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізудің басталған туралы МКО кезекшілік қызметі арқылы МКО-ға хабарлайды. МКО сұрау салуы бойынша тиеу-түсіру жұмыстарының барысы туралы ақпаратты ұсынады.
28. Алдын ала, бірақ жүк операциялары басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей кеме иесі (уәкілетті тұлға), не экспедитор МКО-ға тиеуге арналған тапсырманы не тауар немесе кеме жабдығын шығаруға арналған өтінімді ұсынады.
МКО тауарлар мен көлік құралдарына жүк операцияларын жүргізу кезінде қатысады.