"Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 1141 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 789 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 қазанда № 19511 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16699 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелген кезде тасымалдаушы өткізу пунктінде орналасқан МКО-ны келуі туралы хабардар етеді.

      Хабарлама жөнелтуші кеден органына екі данада поезд беру ведомосын, сондай-ақ тасымалдау (тасу) және ілеспе (коммерциялық) құжаттарды ұсыну нысанында білдіріледі.

      Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитеті мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесі толық қанды интегерациялау болған кезде келуі туралы хабарлама электронды форматта беріледі.

      ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде өткізу пунктінде орналасқан жөнелтуші кеден органы:

      ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген себептер мен оның негіздемесін көрсете отырып, осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес әзірленетін Тасымалдаушының аумақтық бөлімшелерімен МКО-ның өзара іс-қимыл схемасында белгіленген мерзімде тасымалдаушыға өтінім береді;

      Кодекстің 32-бабында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тасымалдаушы немесе декларант МКО-ға тауарлардың келуі туралы хабарламаны ұсынған сәттен бастап кеден органының 3 (үш) сағат жұмыс уақытынан кешіктірмей, тауарларды уақытша сақтауға орналастыру немесе аталған тауарларды кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялауды жүзеге асырумен байланысты кедендік операцияларды жасайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тауарларды шектес мемлекеттің аумағына қайтару туралы шешім ХЖҚК теміржол жүкұжатының бірінші парағының оң жақ бетіне, ЦИМ/ХЖҚК (жүкқұжаттың түпнұсқасына) жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының қолы қойылып жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылған "Кері қайтарылуға жатады" деген мөртабанмен расталады.

      Көрсетілген тауарларды әкету бойынша шаралар қабылдау теміржол көлігі саласындағы заңнамаға сәйкес іс-қимылды жүзеге асыратын Тасымалдаушыға жүктеледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Кодекстің 149-бабына сәйкес Тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты ретінде әрекет ете алады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару кезінде жөнелтуші кеден органы ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік транзиттің шекті мерзімін белгілейді және тауарларды жеткізу орнын айқындайды.";

      53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекетін аяқтау үшін ұсынылған құжаттарды межелі кеден органы тіркегеннен кейін, Кодекстің 232-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті. Тауарларды декларациялауға не оларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды Кодекстің 232-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар жасамаған кезде, межелі кеден органы тасымалдаушыға көрсетілген әрекеттердің жасалмағаны туралы хабарлама жібереді. Тасымалдаушы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарламаны алған күннен кейінгі жұмыс күні аяқталғаннан кешіктірмей осы тауарларды уақытша сақтауға орналастырады.

      Тауарларды уақытша сақтауға орналастырғанға немесе кедендік рәсіміне сәйкес оларды кедендік декларациялауға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында болады.

      Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар:

      теміржол станциясы жұмысының технологиялық процессінде белгіленген уақыт ішінде, бірақ тауарларды жеткізу орнына көлік құралы келген сәттен бастап межелі кеден органның келесі жұмыс күнінің аяқталуынан кешіктірмей теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты өзге де құжаттарды ұсынады.

      Тасымалдаушының жүгінуі бойынша МКО кедендік транзитті аяқтау мақсатында демалыс және мереке күндерінде кеден бекеттің жұмыс уақытын белгілейді.

      Арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылған кедендік бақылау аймағына тауарларды орналастыру тәртібі 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2010 жылғы 18 маусымдағы ЕАЭО кедендік аумағында еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің мәселелері бойынша келісімге сәйкес реттеледі.

      54. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға орналастыру кезінде, тауарлар көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген уақытша сақтау орындарына оларды орналастыру үшін бөлінеді.

      Көліктік (тасымалдау) құжаттарында уақытша сақтаудың нақты орындары көрсетілмеген жағдайда, тасымалдаушы:

      1) уақытша сақтауға тауарларды алушымен жасасқан шартты;

      2) тауарларды алушының тауарларды белгілі уақытша сақтау орнында орналастыру туралы кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы құжаттың болуын растайтын және өзге де уақытша сақтау орны орналасқан жол учаскесі тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар тұлғаның жеке меншігі боп табылатындығын не көрсетілген тұлғаның жалға алу құқығын растайтын МКО лауызымды тұлғасының белгілері бар жазбаша өтінішін басшылыққа алады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда, тасымалдаушы тауарларды межелі кеден органы белгіленген уақытша сақтау орындарына жолдайды.

      55. Уақытша сақтау орындарына тауарлардың орналастырғанын растау үшін, тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға, немесе олардың өкілдері МКО-ға:

      1) тауардың келіп түскені туралы МКО мөртабаны;

      2) уақытша сақтау орнының атауы және уақытша сақтау орнының есептік нөмірі бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) кеден құжаттарын ұсынады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарына салынған сәйкестендіру құралдарын тек МКО немесе егер тауарлардың жойылуына, қайтарымсыз жоғалуына немесе елеулі бүлінуіне нақты қауіп болған жағдайларды қоспағанда, олардың рұқсатымен ғана өзгертілуі, алынуы немесе жойылуы мүмкін.

      Көлік құралдарына сәйкестендіру құралдарын салуды МКО лауазымды адамы немесе талап етуі бойынша вагонды (контейнерді) ашу жүргізілген МКО лауазымды адамының қатысуымен тауарларға қатысты уәкілетті тұлға жүргізеді. Алынған және жаңадан қойылған сәйкестендіру құралдары туралы ақпаратты МКО лауазымды тұлғасы кедендік тексеріп қарау актінің және транзиттік декларацияның тиісті бағандарында, сондай-ақ тасымалдаушы теміржол жүкқұжатының артқы жағында көрсетеді.

      Тасымалдаушы жүру жолында вагонда (контейнерде) сәйкестендіру құралдарының болуын олардың тұтастығы мен тасымалдау құжатында көрсетілген мәліметтердің нөмірлеріне сәйкес келу пәніне тексеруді коммерциялық қарап тексеру пункттері бар станцияларда жүргізеді.

      Сәйкестендіру құралдарының болмау немесе бүліну фактілері анықталған жағдайда, бірақ жүкке рұқсат болмаған жағдайда, тасымаладушы жүк поезы құрамынан вагонды ағытпай көлік құралын пломбылайды. Сәйкестендіру құралдарын салу себептері және олардың нөмірлері, сондай-ақ транзиттік декларацияның нөмірі 3 (үш) данада толтырылған жалпы нысандағы актіде көрсетіледі, актінің бір данасы байланыстың электронды құралдары арқылы және қолма-қол сәйкестендіру құралдарының жоқтығын анықтаған қызмет аймағында станция орналасқан МКО-ға жолданады.

      Тасымалданатын жүктің сақталуына қауіп төндіретін коммерциялық ақаулықтары бар вагондар (контейнерлер) анықталған жағдайда тасымалдаушы жүк поезы құрамынан вагонды ағытады және электронды пошта арқылы және қолма-қол МКО-ны жазбаша нысанда хабардар етеді. Қызмет өңірінде станция орналасқан МКО лауазымды тұлғасы тасымалдаушыдан өтінішті алған сәттен бастап кем дегенде 24 (жиырма төрт) сағат мерзімінде көлік құралына кедендік тексеріп қарауды жүргізеді.

      Хабарламаның көшірмесі оны алу туралы МКО-ның растауы бар жалпы нысандағы актінің данасымен бірге станцияның ісінде сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады