БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16699 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
бірлескен бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген, Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. "ЕАЭО-ның кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелуі болжанған тауарлар туралы алдын ала ақпараттандыруды ұсыну тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 57 шешіміне сәйкес Тасымалдаушы тауарлар ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей алдын ала ақпаратты ұсынады.
Егер тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау уақыты шектес теміржолдың теміржол станциясынан теміржол құрамының кеткен сәтінен бастап Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін 2 (екі) сағаттан аз уақытты құраған жағдайда, алдын ала ақпарат осындай станцядан теміржол құрамы іс жүзінде кеткенге дейін ұсынылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер алдын ала ақпаратты келу орнындағы МКО техникалық себептер бойынша алынбаған жағдайда, алдын ала ақпаратты алу мүмкіндігінің болмауы туралы себептерін көрсете отырып, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдын ала ақпаратты ұсынбау туралы акт жасалады.
Техникалық себептер бойынша МКО, оған қатысты алдын ала ақпарат қабылданбаған және/немесе өңделмеген тауарлар партиясы тәуекел саласына жатпайды және оған қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді, келу кезінде ұсынылған мәліметтер (құжаттар) негізінде МКО қабылдайды.";
51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Тауарларды межелі станциядағы кедендік бақылау аймағында (не осындай мақсаттар үшін құрылған уақытша кедендік бақылау аймағында) орналастырғаннан кейін Тасымалдаушы межелі кеден органын станция жұмысының технологиялық процесінде белгіленген мерзімдерде, бірақ межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталғаннан кешіктірмей электрондық пошта арқылы не ақпараттық жүйе (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) арқылы транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, вагонның және/немесе контейнердің нөмірі, жүкқұжаттың нөмірі және тауарды алушы туралы мәліметтерді жіберу жолымен хабардар етеді.
Егер жүру жолында немесе межелі станцияға келуі бойынша жалпы нысандағы акт немесе/және пломбаны немесе жүкті өзгертуге немесе жоюға коммерциялық акт жасалған жағдайда, Тасымалдаушы бұл туралы межелі кеден органын хабардар етеді және көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.
Мерзімдер кедендік бақылау аймағында вагон немесе контейнер орналастырылған сәттен бастап есептеледі.
Тасымалдаушы транзиттік декларацияның (оның көшірмесінің) немесе транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын жөнелтуші кеден органының белгілері бар көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттардың, сондай-ақ жөнелтуші кеден органына транзиттік декларация қағаз тасығышта берілген жағдайларда межелі кеден органының жазбаша сұрау салуын қоспағанда, жөнелтуші кеден органы сәйкестендірген басқа да қолда бар құжаттардың көшірмелерін межелі кеден органына ұсыну талап етілмейді.
МКО-ның жазбаша сұрау салуын алған кезде, Кодекстің 231-бабының 7-тармағында көзделген мерзімде Тасымалдаушы әрбір жөнелтімге жеке құжаттардың электрондық көшірмесінің мұрағаттық пакетін қалыптастырады және электрондық поштада не ақпараттық жүйе (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) арқылы тиісті күйге келтіру жолымен ақпараттың жеткізілгені туралы растауды ала отырып, МКО лауазымды адамының электрондық мекенжайына электрондық пошта арқылы жолдайды.
МКО-ның жазбаша сұрау салуы келіп түскен кезде, егер транзиттік декларация жөнелтуші кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, межелі станцияда МКО болмаған кезде Тасымалдаушымен шарт жасасқан тұлға оған сәйкес ол кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаумен байланысты операцияларды жасайды, транзиттік декларацияны, сондай-ақ осы станция қызмет аймағында МКО-да қағаз жеткізгіштегі тасымалдау (көлік) және коммерциялық құжаттарды ұсынады.
Межелі кеден органының талабы бойынша Тасымалдаушы тауарларды ұсынады.
Межелі кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімін мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ Тасымалдаушыдан электрондық почта бойынша немесе ақпараттық жүйе арқылы жолданған хабарламаны алған сәттен бастап жұмыс уақытының 4 (төрт) сағатынан кешіктірмей аяқтайды және Тасымалдаушыға кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталғаны туралы электрондық почта бойынша жауап хабарламамен не мәліметтерді ақпараттық жүйе арқылы жіберу туралы хабарлайды.
Бұл ретте кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталғанын растайтын мынадай мәліметтер жолданады:
транзиттік декларацияның нөмірі;
транзит рәсімінің қолданылуын аяқтау үшін берілген құжаттардың тіркеу нөмірі;
аяқталу күні мен уақыты.
Егер МКО лауазымды тұлғасы кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде "Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16699 болып тіркелген), Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларының 4-тармағының негізінде, кедендік жете тексеріп қарау нысанында қосымша кедендік бақылау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, МКО лауазымды тұлғасы кедендік бақылау аймағын айқындайды және Тасымалдаушыға кедендік бақылауда тұрған жүктің келгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап жұмыс уақытының 4 (төрт) сағатынан кешіктірмей хабарлайды. Жүкті орналастыру үшін Кедендік бақылау аймағы көліктік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген уақытша сақтау орны туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Көліктік (тасымалдау) құжаттарында уақытша сақтау орны туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кедендік жете тексеріп қарауды жүргізу үшін межелі станцияға жақын кедендік бақылау аймағы не уақытша кедендік бақылаудың аймағы айқындалады.
52. Кодекстің 232-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар тауарларды декларациялауға не оларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасамаған кезде, межелі кеден органы Тасымалдаушыға көрсетілген іс-әрекеттердің жасалмағаны туралы электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы еркін нысанда хабарламаны жолдайды. Тасымалдаушы хабарламаны алғаннан кейін осындай хабарламаны алған күннен кейінгі жұмыс күні аяқталғаннан кешіктірмей осы тауарларды уақытша сақтауға орналастырады.
Тауарларды уақытша сақтауға орналастырғанға немесе оларды кедендік транзит кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында не уақытша кедендік бақылау аймағында тұрады.
Қағиданың осы тармағының ережелері мынадай жағдайларда:
егер алушы алдын ала кедендік декларациялауды жүзеге асырса;
кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғанға дейін жүк көлік (тасымалдау) құжатында көрсетілген уақытша сақтау орны туралы мәліметтерге сәйкес уақытша сақтауға орналастырылса қолданылмайды.
53. Тасымалдаушының өтініші бойынша МКО кедендік транзитті аяқтау мақсатында демалыс және мереке күндері кеден бекетінің жұмыс уақытын айқындайды.
Тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында құрылған кедендік бақылау аймағына орналастыру тәртібі, "Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге сәйкес реттеледі.";
55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Уақытша сақтауға тауарларды орналастыруды растау үшін Тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкілдері электрондық пошта бойынша не ақпараттық жүйе арқылы (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) жіберу жолымен МКО-ға көліктік (тасымалдау), коммерциялық және кедендік құжаттардың нөмірлері, уақытша сақтау орнының атауы туралы мәліметтерді ұсынады.
56. Межелі кеден органы ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеуді осындай құжаттар берілгеннен кейін 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімде жүргізеді.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растау үшін ұсынылған құжаттардың тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау орны және уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы электрондық пошта не ақпараттық жүйе арқылы (Тасымалдаушының және МКО ақпараттық жүйелерін интеграциялау болған кезде) жіберілген мәліметтер болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |