Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 102, 103-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген |
Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 102, 103-тармақтарына сәйкес әзірленді және әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру тәртібін айқындайды.
2. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан әскери қызметтен шығарылған кезде оларға берілген зейнетақымен қамсыздандыру және медициналық қызмет көрсету бойынша құқықтарда және жеңілдіктерде өзгерістерге әкеп соқтырмайды.
2-тарау. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру тәртібі
3. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ беру "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында айқындалған мерзімге сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2024 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне әскери атақтар және жоғары сержанттар құрамына "шебер-сержант" әскери атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен, жоғары сержанттар құрамының "штаб-сержант" әскери атағы және аға сержанттар құрамына – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарымен, қатардағы жауынгерлер және кіші сержанттар құрамдарына – олардың базасында әскери жиындар өткізілетін әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарымен беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру туралы бұйрықтарда әскери міндеттінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы, білімі, әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органының атауы, жеке нөмірі (запастағы офицерлер үшін) көрсетіледі.
6. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру туралы шешім қабылдау үшін тиісті әскери басқару органдарына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер (басқармалар) жасаған екі данада аттестаттау парағы, әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізу және олардың аяқталуы туралы лауазымды адамдардың бұйрықтарынан үзінділер ұсынылады.
7. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру туралы лауазымды адамдардың бұйрықтарынан үзінділер тиісті қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге (басқармаларға, бөлімдерге) одан әрі есепке алу үшін жолданады. Үзінділермен бірге запас бойынша кезекті әскери атақ берілгені туралы белгімен аттестаттау парақтарының екінші даналары әскери міндеттілердің жеке істеріне қоса тіркеу үшін жолданады.
8. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында басшылық мемлекеттік лауазымды атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерге запас бойынша кезекті әскери атақ әскери жиыннан өтуіне қарамастан беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының кезекті әскери атақтарын және офицерлер құрамының алғашқы "лейтенант" әскери атағын беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Жоғары және аға сержанттар құрамдарының әскери міндеттілеріне кезекті әскери атақтар беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 08.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру жөніндегі материалдар әскери міндеттілер әскери жиындардан өтуді аяқтаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жолданады және бұйрық шығаратын органда бір ай ішінде іске асырылады.
Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
__________________________
__________________________
20___ ж. " "___________
№ _____ бұйрығымен
_________________________
әскери атағы берілді
Запастағы " _________________ " _____________________әскери атағын беруге аттестаттау парағы
________________________________________________________________________________
(аттестатталушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің атағы (бар болған кезде)
________________________________________________________________________________
1. ЖСН _________________________________________________________________________
2. Жеке нөмірі (бар болған кезде) ___________________________________________________
3. Туған күні, айы, жылы және туған жері ____________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Ұлты ________________________________________________________________________
5. Білімі
а) азаматтық _________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, мамандығы)
________________________________________________________________________________
б) әскери ______________________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы, әскери-есептік мамандығы)
________________________________________________________________________________
6. Қарулы Күштердегі қызметі __________________________________________________
(қашаннан бастап қай уақытқа дейін)
7. Жиындардан өту ______________________________________________________________
(жиындардың басталу мен аяқталу күні,
________________________________________________________________________________
жиындардағы лауазымы және әскери-есептік мамандығы)
8. Денсаулық жағдайы ___________________________________________________________
(әскери қызметке жарамдылық санаты)
9. Әскери атағы ________________________________________________________________
(кім және қашан берді, бұйрықтың шыққан күні және №)
10. Броньдау жөніндегі мәліметтер _______________________________________________
(броньдалған/ жұмылдыру бойынша броньдалмаған)
11. Жиындардан өткенге дейінгі әскери-есептік мамандығы _________________________
12. Дербес еңбек қызметі және Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардағы қызметі
Айы және жылы | Лауазымы, жұмыс істеген немесе қызмет өткерген мекеме, кәсіпорын, бөлім, құрама | |
Кіру | nullКету | |
13. Әскери атақ беру негіздемесі
М.О. Аттестаттаушының қолтаңбасы _____________________
20 ____ ж. "____"_______ (лауазымы, әскери атағы, аты-жөні, тегі)
14. Үлкен бастықтардың қорытындысы
________________________________________________________________________________
20_____ж. "____" ________________