"Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қаңтарда № 22056 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16841 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне әскери атақтар және жоғары сержанттар құрамына "шебер-сержант" әскери атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен, жоғары сержанттар құрамының "штаб-сержант" әскери атағы және аға сержанттар құрамына – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарымен, қатардағы жауынгерлер және кіші сержанттар құрамдарына – олардың базасында әскери жиындар өткізілетін әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарымен беріледі.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының кезекті әскери атақтарын және офицерлер құрамының алғашқы "лейтенант" әскери атағын беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.

      10. Жоғары және аға сержанттар құрамдарының әскери міндеттілеріне кезекті әскери атақтар беру туралы шешім қабылдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына жолданады.";

      11-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады