БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасында, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі бітірушісінің төсбелгісінің үлгісі осы Сипаттамаға 4-қосымшада келтірілген.
Төсбелгі біркелкі емес пішіндегі алтыбұрыш түрінде металдан жасалады (өлшемі: биіктігі – 45 миллиметр; ені – 30 миллиметр), белгінің жалпы негізі – көгілдір (көгілдір эмаль құйылған), алтыбұрыштың жиегінде ені 1,5 миллиметрден аспайтын сары түсті көмкерме болады. Алтыбұрыш ортасында жоғарғы бөлігіне қарай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны орналасқан. Алтыбұрыш ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны астында биіктігі 2,2 миллиметр бас әріптермен "ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ" деген сары түсті дөңес жазу бастырылып жазылған.
Белгі киім нысанына екі бұрандалы шайбамен бекітіледі.";
11-5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11-5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің докторантурасын бітіруші белгісінің үлгісі осы Сипаттамаға 16-қосымшада келтірілген.
19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Әскери колледж бітірушісінің төсбелгісі оқу орнын бітірген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің бітірушілеріне беріледі.
20. Әскери колледж бітірушісінің төс белгісін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің бастығы салтанатты жағдайда әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломмен бірге табыс етеді.
21. Жоғары әскери оқу орнын бітірушінің және Әскери колледж бітірушісінің төсбелгісін беру берілген дипломды тіркеу кітабында немесе арнайы кітапта белгіленеді.";
32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті докторантурасы бітірушісінің белгісі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің докторантурасын бітірген және бітіргені туралы тиісті түпнұсқа құжаты бар адамдарға беріледі.";
Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасына, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібіне 4-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасына, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібіне 16-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төмен құрамның әскери қызметшілері "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы бастапқы оқытудан өткен әскери полиция органының әскери қызметшілерін қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі болған кезде офицер құрамының бос әскери лауазымына және базалық офицер курсынан өткеннен кейін тек кіші офицер құрамының лауазымына уақытша тағайындалады. Базалық офицер курсының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әзірлейді, оларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орны жанында жүргізіледі.
Медициналық мамандық пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бас басқармаларын және Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің орталықтарын қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.";
Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларына қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16277 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ротациялау жоспарын және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімін жасау қағидаларында:
3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тізімге Әскери қызмет өткеру қағидалары 84-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында айқындалған әскери қызметшілер және әскери қызмет мүддесінде Әскери қызмет өткеру қағидаларының 45-тармағы негізінде екінші мерзімге лауазымында қалатын әскери қызметшілер енгізіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ротациялау жоспары мен Тізімге әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қол қояды және жыл сайын 10 желтоқсанға дейін жеке құрам бойынша бұйрық шығару құқығы берілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған лауазымды адамдар тізбесінен лауазымды адам бекітеді.
Ротациялау жоспары мен Тізімді жоғары әскери басқару органымен келісу жүзеге асырылмайды.";
7-тармақтың 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерге жатпайтын бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік сегіз жыл мерзімі (стратегиялық, жедел-стратегиялық әскери басқару органында қызмет өткеретіндерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушы құрамын қоспағанда) болып табылады.";
4. "Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16841 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ беру "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында айқындалған мерзімге сәйкес жүргізіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында басшылық мемлекеттік лауазымды атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерге запас бойынша кезекті әскери атақ әскери жиыннан өтуіне қарамастан беріледі.";
5. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17906 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әскери қызметшіге қызметтік қажеттілік жағдайында демалыстан шақыртып алу туралы бұйырымды (өкімді) әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) атынан ол тікелей бағынысында тұрған лауазымды адам шақыртып алу себебін көрсетіп ауызша жеткізеді. Әскери қызметшіге ауызша бұйырымды (өкімді) жеткізу мүмкін болмаған жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) штабы Әскери қызмет өткеру қағидаларының 113-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери есепке тұрған органды хабардар етеді.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери қызметшіні қызметтік қажеттілікке байланысты демалыстан шақыртып алу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:";
4-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметтік қажеттілік жағдайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының шешімі бойынша.";
6. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
51-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) майордан бастап және одан жоғары теңестірілген арнаулы атағы немесе біліктілік шені барлар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) жанындағы академиялық курстан өту үшін жіберіледі.";
56-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Медициналық мамандық пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.";
57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерін, ҚР ҚК бас басқармаларын және Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК орталықтарын қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда ӘЕМ сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар азаматтар, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.";
69-тармақтын 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30766 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларына (бұдан әрі – Жеке құрамды есепке алу қағидалары) 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік картаны;";
ҚР ҚК-да әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-қосымшасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төмен құрамның әскери қызметшілері "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы бастапқы оқытудан өткен әскери полиция органының әскери қызметшілерін қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі болған кезде офицер құрамының бос әскери лауазымына және базалық офицер курсынан өткеннен кейін тек кіші офицер құрамының лауазымына уақытша тағайындалады. Базалық офицер курсының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әзірлейді, оларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орны жанында жүргізіледі.
Медициналық мамандық пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-қосымшасында:
7-тармақтың 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"климаттық жағдайы ауыр жергілікті жерге жатпайтын бір гарнизонда үздіксіз әскери қызмет өткерудің күнтізбелік сегіз жыл мерзімі (стратегиялық, жедел-стратегиялық әскери басқару органында қызмет өткеретіндерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушы құрамын қоспағанда) болып табылады.".
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі бітірушілерінің төсбелгісі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті докторантурасы бітірушісінің белгісі
Бос лауазымға уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесі.
2. Кадр қызметі куәландырған қосымшасы бар білім туралы дипломның көшірмесі.
3. Кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі болған жағдайда).
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсынғанын растайтын құжат.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ереженің 17-тармағының 8) тармақшасына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
7. Фотосуреті бар резюме (нақты тұрғылықты мекенжайы мен телефоны, оның ішінде байланыс телефоны, білімі, жұмыс тәжірибесі көрсетіліп, еркін нысанда).
Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша ҚР ҚК-да әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша |
Бос лауазымға уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесі.
2. Кадр қызметі куәландырған қосымшасы бар білім туралы дипломның көшірмесі.
3. Кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі болған жағдайда).
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірісі мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсынғанын растайтын құжат.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген) бекітілген "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ереженің 17-тармағының 8) тармақшасына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
7. Фотосуреті бар резюме (нақты тұрғылықты мекенжайы мен телефоны, оның ішінде байланыс телефоны, білімі, жұмыс тәжірибесі көрсетіліп, еркін нысанда).