Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 17 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Монополияға қарсы органға.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
www.gov.kz/memleket/entities
Әкімшілік деректер нысанының атауы:
________________ кезеңінде өткізілген сатып алулар туралы ақпарат.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.
Кезеңділігі: сұрау салу бойынша*
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: электронды нысанда өткізілетін сатып алуды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, табиғи монополиялар субъектілері, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпарат алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар.
Әкімшілік деректер нысасын ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде.
____________________________________________________________
* Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.
№ | Ұйымдастырушы туралы мәліметтер | ||||||
Р/с | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Заңды және нақты мекенжайы, телефон/ факс, электрондық мекенжайы | Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы | Хабарландырудың нөмірі | Лот-тың нөмірі | Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома | Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер | Өткізілген сатып алудың нәтижелері | |||||||
Әлеуетті өнім берушінің атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Заңды және нақты мекен-жайы, телефон/факс, электрондық мекен-жайы | Өтінім беру күні, уақыты, өтінім берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы | Ұсынылған баға, жеңімпазды көрсете отырып |
Өткізілді/өткізілмеді. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, себептер мен қабылданған шараларды көрсету қажет: | Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып) | Шарттың нөмірі және жасалған күні | Жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат (%) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
________________________________________ ________________
Мекенжай______________________________
Телефондар_____________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________
Орындаушы_______________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Мөр орны (бар болса)
Жасалған күн 20__ жылғы "___"______
Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанына қосымша |
Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – нысан) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.
2-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
4. Нысанның 2-8-бағандарында сатып алуды ұйымдастырушы туралы мәліметтер көрсетіледі:
4-1. Нысанның 2-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4-2. Нысанның 3-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.
4-3. Нысанның 4-бағанында сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы көрсетіледі.
4-4. Нысанның 5-бағанында хабарландырудың нөмірі көрсетіледі.
4-5. Нысанның 6-бағанында лоттың нөмірі көрсетіледі.
4-6. Нысанның 7-бағанында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі.
4-7. Нысанның 8-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәсілі көрсетіледі.
5. Нысанның 9-13-бағандарында әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер көрсетіледі:
5-1. Нысанның 9-бағанында сатып алуға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі.
5-2. Нысанның 10-бағанында әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5-3. Нысанның 11-бағанында әлеуетті өнім берушінің заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.
5-4. Нысанның 12-бағанында өтінімдер беру күні, уақыты, өтінім берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.
5-5. Нысанның 13-бағанында сатып алу жеңімпазын көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген бағалар көрсетіледі.
6. Нысанның 14-17-бағандарында өткізілген сатып алудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі:
6-1. Нысанның 14-бағанында жарияланған сатып алу өткізілгені немесе өткізілмегені туралы мәліметтер көрсетіледі. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы себептер мен қабылданған шараларды көрсетуі қажет:
1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;
2) сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылды;
3) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
6-2. Нысанның 15-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып) көрсетіледі.
6-3. Нысанның 16-бағанында өнім берушімен жасалған шарттың нөмірі және жасалған күні көрсетіледі.
6-4. Нысанның 17-бағанында өткізілген сатып алудың нәтижелері бойынша жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат пайыздық мәнде көрсетіледі.