"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/195 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6401 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
2. "Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы маусымдағы № 14/213 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8525 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 шілдедегі "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 45/78 қаулысымен өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12910 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қаңтарда жарияланған).