"Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 14/213 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда 8525 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 23.08.2018 № 11/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6401 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 223 (26284) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) аталған қаулымен бекітілген Сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, мәслихаттарының депутаттығына және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдікке) кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнаманың қолданылуын нақтылайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

      Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары тіркейді.

      Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тиісті округтік сайлау комиссиялары тіркейді.

      Әкімдікке кандидаттардың сайлау қорларын тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тіркейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімін осы Нұсқаулыққа қосымшаға сай нысан бойынша жүргізеді.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық, облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиялары кандидаттың, саяси партияның уәкілетті өкілінің өтініші негізінде:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сайлау қоры өз қызметін:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі – Сайлау қағидалары) сәйкес кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда;

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабы 9-тармағына, Сайлау қағидаларының 44-тармағына сәйкес кандидаттың, саяси партияның сайлау қорлары қаражатын жұмсауы туралы есебін қабылдау туралы тиісті сайлау комиссиясының шешімі бойынша;

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, Сайлау қағидаларына сәйкес сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда;

      сот шешімі бойынша тоқтатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының персоналды басқару бөлімі осы қаулыны басшылыққа алуы үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберсін.

      3. Облыстық сайлау комиссиялары Сайлау қорларының тізілімдерін дайындасын және аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына жіберсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


Төрағасы

Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


хатшысы

Б. Мелдешов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады