Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 45/78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12910 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Тұрғанқұлов
      Хатшы

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 45/78 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. "Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 15/214 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 844 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      аталған қаулымен бекітілген Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеребе тарту Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) отырысында өткізіледі.".

      2. "Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 31 тамыздағы № 131/167 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3059 болып тіркелген):

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 50-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері бекітілсін.";

      аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерде:

      жоғарғы оң бұрышта "Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дербес компьютермен жұмыс машығы;";

      3. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 23.08.2018 № 11/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9686 болып тіркелген, 2014 жылы 14 тамызда "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      аталған қаулымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларында:

      1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссияларының партиялық тiзiмдер бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттамалары;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сайлау комиссияларының бекітілген іс номенклатураларына сай белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10129 болып тіркелген) сәйкес оларға алдын ала сараптама жасаған адамдар растаған және тиісті сайлау комиссиясының төрағасы бекіткен акт бойынша жойылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады