Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1."Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15525 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. "Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15591 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гаупвахтасында әкімшілік қамауды өтеу қағидаларында:
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Қамауға алынғандар судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамаққа алу мерзімін өтегеннен кейін гаупвахтадан босатылады.".
3.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.
5.Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.
6.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Респуликасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |