"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 және "Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қыркүйекте № 17435 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15525 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15591 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гаупвахтасында әкімшілік қамауды өтеу қағидаларында:

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қамауға алынғандар судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамаққа алу мерзімін өтегеннен кейін гаупвахтадан босатылады.".

      3.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.

      5.Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.

      6.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Респуликасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

О внесении изменений в приказы Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 367 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка и содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан" и от 20 июля 2017 года № 368 "Об утверждении Правил отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 25 августа 2018 года № 568. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2018 года № 17435. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2023 года № 319.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 12.04.2023 № 319 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 367 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка и содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15525, опубликован 13 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 21 февраля 2005 года "Об органах военной полиции" ПРИКАЗЫВАЮ:

      2. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 368 "Об утверждении Правил отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15591, опубликован 18 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Правилах отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 55 изложить в следующей редакции:

      "55. Арестованные освобождаются с гауптвахты по отбытии срока административного ареста, установленного постановлением судьи".

      3. Главному управлению военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах на казахском и русском языках в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев