РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары,
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Тестілеу өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың:
1) "Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9718 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 15-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы 23 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 24 қазан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 1-қосымша |
Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы мына алты курстан тұрады:
1-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы:
қарапайым және күрделі пайыздардың негіздері;
қаржы аннуитеттері;
қарыздар және оларды өтеу кестелері;
борыштық бағалы қағаздар;
өмір сүру кестесі;
сақтандыру аннуитеттері;
жеке өмірді сақтандыру теориясы;
бірлескен өмірді сақтандыру теориясы;
зейнетақы сақтандыру.
2-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын актуарлық қағидаттар және олардың көшірмелері:
пайыздық мөлшерлеме теориясын практикалық қолдану;
сақтандыру аннуитеттерін актуарлық бағалау;
өмірді сақтандыру: өнімді әзірлеу, маркетинг және андеррайтинг негіздері;
резервтерді бағалау және өмірді сақтандырудағы капитал бойынша ең төменгі талаптар;
өмірді сақтандыру өнімдерінің табыстылығын талдау және бағалау;
жалпы сақтандыру: сақтандыру өнімдері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
қайтыс болу және еңбекке қабілетінен айырылу жағдайына ұжымдық сақтандыру: сақтандыру бағдарламалары, үлкен және шағын топтардың андеррайтинг негіздері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
ұжымдық медициналық сақтандыру: сақтандыру өтеулердің түрлері, басқарылатын медициналық бағдарламалар, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;
қайта сақтандыру;
зейнетақы бағдарламалары және әлеуметтік қамсыздандыру;
сақтандыру экономикасына шолу;
инвестицияларды басқару негіздері.
3-курс. А және В бөлігін қамтитын жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру.
А бөлігі. Жалпы сақтандыруда актуарлық модельдер мынадай тақырыптарды қамтиды:
пайдалылық теориясы және сақтандыру экономикасы;
жеке тәуекелдер теориясы;
ұжымдық тәуекелдер теориясы;
шығын модельдері;
ықтимал шығындарды бөлу сипаттары;
ықтимал шығындарды бөлуді бағалау;
сенімділік теориясы.
В бөлігі. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру мынадай тақырыптарды қамтиды:
жалпы сақтандыру түрлері, сақтандыру өнімдері, тәуекел факторлары және андеррайтинг, сақтандыруды өтеу бойынша шектеулер;
баға белгілеу, сақтандыру сыйлықақыларын түзету әдістері;
тәуекел топтарын жіктеу және сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін саралау;
резервтерді бағалау: деректерді жинау және ұйымдастыру, резервтерді бағалаудың базалық және арнайы әдістері;
қайта сақтандыру бағдарламалары қағидаттары мен түрлері;
жалпы сақтандыруда қайта сақтандыру бағдарламасын таңдау.
4-курс. А және В бөліктерін қамтитын өмір мен денсаулықты сақтандыру.
А бөлігі. Өмірді сақтандыруда актуарлық модельдер мынадай тақырыптарды қамтиды:
актуарлық бақылау циклі;
өмірді сақтандыру өнімдерінің түрлері, өнімдерді әзірлеу, андеррайтинг, бизнес-ортаның әсері, тәуекел факторлары, тәуекел-менеджмент;
өмірді сақтандыруда актуарлық модельдеу қағидаттары;
стратегия және баға белгілеу әдістері;
кірістілікті талдау және тестілеу;
өмірді сақтандыруда салық салу;
өлім-жітім кестелерін құру.
В бөлігі. Резервтерді бағалау және өмірді сақтандыруда капитал бойынша талаптар, өмірді ұжымдық сақтандыру, медициналық сақтандыру мынадай тақырыптарды қамтиды.
өмірді сақтандыруда резервтерді бағалау әдістері;
капитал бойынша талаптар;
инвестициялар;
активтер мен міндеттемелерді басқару;
төлем қабілеттілігі және капиталдың жеткіліктілігін бағалау;
пайданы бөлу;
қаржылық есептілік;
нақты тәжірибені ескере отырып, мониторингтеу және түзетулер;
қайтыс болу және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында ұжымдық сақтандыру: тәуекел факторлары, андеррайтинг, баға белгілеу және резервтерді бағалау;
жеке және ұжымдық медициналық сақтандыру: андеррайтинг, баға белгілеу және резервтерді бағалау;
қайта сақтандыру;
актуарий жұмысындағы кәсібилік мәселелері.
5-курс. А және В бөліктерін қамтитын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.
А бөлігі. Зейнетақы бағдарламалары мен әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын бағалаудың актуарлық әдістері мынадай тақырыптарды қамтиды:
зейнетақы бағдарламаларына шолу, зейнетақы кірісі деңгейінің салыстырмалы және абсолютті стандарттары;
әкімшілендіру түрі бойынша бағдарламалардың түрлері (мемлекеттік, корпоративтік, жеке);
зейнетақы бағдарламаларының әртүрлі дизайндары (белгіленген төлемдермен, белгіленген жарналармен, гибридтермен);
қаржыландыру әдісі бойынша бағдарламалардың түрлері (ортақ, жинақтаушы, гибридтік);
белгіленген төлемдер мен жарналар бар бағдарламалардың артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекел факторлары, тәуекелдерді бағалау, бағдарламаның дизайны, бағдарламаны таңдау өлшемшарттары;
корпоративтік зейнетақы бағдарламаларының түрлері,
белгіленген төлемдермен зейнетақы бағдарламаларын қаржыландыруға аударымдар мөлшерін бағалаудың актуарлық әдістері;
белгіленген төлемдермен зейнетақы бағдарламаларын актуарлық бағалау процесінің кезеңдері (бағалау өлшемдерін айқындау; деректерді жинау, талдау және келісу; актуарлық жол берулер; бағалау; сезімталдықты талдау, есептілік);
белгіленген төлемдері бар корпоративтік зейнетақы бағдарламалары бойынша қаржылық есептілікке қойылатын талаптар;
белгіленген жарналармен зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдерді актуарлық бағалау;
зейнетақы активтерін инвестициялау;
әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің қағидаттары мен типтері, зейнетақы кірісі мөлшерінің реттеуші формуласы және ауыстыру коэффициенті, бағдарламаның дизайны (бағдарламаның шарттары мен өлшемдері);
мемлекеттік әкімшілендірумен зейнетақы бағдарламаларын қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы талдау;
реттеуші, қаржылық және макроэкономикалық өлшемдердің болжамдарын, халықтың және еңбек ресурстарының серпінін пайдалана отырып, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын қаржыландыру құнын актуарлық бағалау;
Монте-Карло әдісін қолдану экономикалық жүйелердің тәуекелдерін модельдеу.
В бөлігі. Актуарлық бағалауда пайдаланылатын өлшемдерді эконометриялық модельдеу негізінде макроэкономикалық болжау мынадай тақырыптарды қамтиды:
желілік регрессиялық модель;
бір теңдеу моделін қолдана отырып болжау;
үлестірілген лагы бар модельдер;
сызықтық емес бағалау және максималды ықтималдылық әдісі;
бірлескен теңдеулер жүйесін қолдана отырып бағалау;
уақыт қатарларын талдау: уақыт қатарларын тегістеу және экстраполяция;
стохастикалық уақыт қатарлары;
сызықтық уақыт қатарлары;
уақыт қатарларының модельдерін қолдана отырып бағалау және болжау.
6-курс. Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары: А және В бөліктерін қамтитын қаржыландыру және инвестициялау.
А бөлігі. Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау мынадай тақырыптарды қамтиды:
инвестициялық қызметтегі этикалық және кәсіби стандарттар;
инвестицияларды бағалаудың сандық әдістері;
микроэкономика негіздері;
макроэкономика негіздері және макроэкономикалық факторлар мен мемлекеттік реттеудің қор нарықтарына әсері;
қаржылық есептілік және қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін қаржылық талдау;
корпоративтік қаржы негіздері;
инвестиция түрлері: акциялар, тұрақты кірісі бар бағалы қағаздар, валюта нарығының құралдары, туынды құралдар, балама инвестициялық құралдар;
инвестициялар портфелін басқару және қаржы ресурстарын жоспарлау:
тәуекел және кірістілік;
сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандырудың трасттық қорларының активтері мен инвестициялары;
сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдері;
сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық жоспарлау: активтер мен міндеттемелер арасындағы арақатынас;
В бөлігі. Сақтандырудағы мемлекеттік реттеу және қаржылық есептілік мынадай тақырыптарды қамтиды:
сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі;
ерте ден қою коэффициенттерін пайдалана отырып қаржылық талдау;
сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық жоспарлау: активтер мен міндеттемелер арасындағы арақатынас;
тәуекелді бағалау негізінде сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар;
сақтандырудағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;
Еуропалық Одақтың I төлем қабілеттілігі және II төлем қабілеттілігі жүйелеріне шолу;
сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қағидаттары;
тәуекелді бағалау негізінде сақтандыруды қадағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаттары, сипаттамалары және артықшылықтары;
сақтандыру саласын пруденциялық реттеудегі актуарийлердің рөлі;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлік есеп туралы заңнамасы.
2. Осы сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
3. Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқыту (емтихандар) кестесін халықаралық актуарлық қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым өзінің ресми интернет-ресурсында оқыту басталғанға дейін (емтихан күні) кемінде үш ай бұрын жариялайды.
4. Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының курстарын тыңдаған және (немесе) табысты тапсырған адамдар туралы өзекті ақпаратты халықаралық актуарлық қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым сақтайды және оның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2018 жылғы 27 тамыздағы | |
№ 191 қаулысына | |
2-қосымша |
Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесі:
1) Неміс актуарлық қоғамы (German Actuarial Society (Джеман Актуариал Сосайити));
2) Институт актуариев Франции (Institute of Actuaries of France (Институт оф Актуариес оф Франс));
3) Француз актуарийлер институты (Institute of Actuaries of France) (Аустриан Актуариал Сосайити));
4) Канада актуарийлер институты (Canadian Institute of Actuaries (Канейдиан Институт оф Актуариес));
5) Финляндия актуарлық қоғамы (Actuarial Society of Finland (Актуариал оф Финланд));
6) Дат актуарийлер қоғамы (Danish Society of Actuaries (Даниш Сосайити оф Актуариес));
7) Халықаралық актуарлық қауымдастықтың (International actuarial association) және (немесе) Еуропа актуарлық қауымдастығының (The Actuarial Association of Europe (Зе Актуариал Ассосэйшн)) толық мүшесі мәртебесіне ие Халықаралық актуарийлер қауымдастықтары).
2. Халықаралық актуарийлер қауымдастығы мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) білім беру-біліктілік жүйесі бар;
2) қауымдастық мүшелерінің білім беру-біліктілік жүйесіне сәйкес келуі бойынша талаптар не оны тану жөніндегі ереже бар;
3) актуарийлер қызметін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары бар (актуарийлер қызметінің және актуарлық есептерді жүзеге асырудың стандарттары, кәсіби әдеп кодексі).
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2018 жылғы 27 тамыздағы | |
№ 191 қаулысына | |
3-қосымша |
Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптар
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Міндетті актуарлық қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарий (бұдан әрі – лицензияланған актуарий) жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің міндетті актуарлық есептеулерінен тұрады. Актуарлық қорытынды Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.
2. Актуарлық қорытынды кемінде 3 (үш) дана етіп жасалады және оған лицензияланған актуарий қол қояды. Актуарлық қорытындының бір данасы лицензияланған актуарийде қалады, бір данасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға береді, актуарлық қорытындының қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында болады.
3. Актуарлық қорытындыға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 4-тармағына сәйкес алынған есептілігі және сақтандыру резервтерін есептеу үшін қажетті немесе сақтандыру резервтерін есептеу кезінде лицензияланған актуарий пайдаланған материалдар қоса беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Лицензияланған актуарийдің ірі мәміле бойынша қорытындысында лицензияланған актуарийдің ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ұсынымдары қамтылады және Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды түрінде ресімделеді.
5. Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды кемінде 2 (екі) дана етіп жасалады және лицензияланған актуарий қол қояды. Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытындының бір данасы лицензияланған актуарийде қалады, қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беріледі.
6. Осы Талаптардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. Талаптар 6-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарға 1-қосымша |
|
Нысан |
Актуарлық қорытынды
1. Актуарлық есептеулер _________________ жағдай бойынша жүргізілді
2. Актуарлық қорытынды жасаудың мақсаты _____________________________
____________________________________________________________________
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы________________________________________________________
____________________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері___________________________
____________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі___________________________________
____________________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
4. Актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)___________________________________
____________________________________________________________________;
2) тұрғылықты жері (орналасқан жері)___________________________________
____________________________________________________________________;
3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия
____________________________________________________________________
(нөмірі және берген күні)
5. Актуарлық қорытындының түрі:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша:
бастамашылық – cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша жүзеге асырылатын:
міндетті – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын;
2) сақтандыру саласы (сыныбы) бойынша:
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылатындар;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылатындар";
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 6-бабында белгіленген сыныптауға сәйкес қайта сақтандыру немесе сыныптар бойынша жүзеге асырылатындар;
3) жасау мақсаты бойынша:
есептік – cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының cақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күнге жүзеге асырылатындар;
жоспарлы – cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне сақтандырудың жаңа сыныбы бойынша cақтандыруды (қайта сақтандыруды) енгізген кезде жүзеге асырылатындар;
кейінгі – бұрын жүргізілген актуарлық есептеулерді түзету мақсатында жүзеге асырылатындар;
4) қолдану ауқымы бойынша:
ортақ – Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары аумақтарда қолдану үшін есептелгендер;
өңірлік – Қазақстан Республикасының жеке өңірлері үшін есептелгендер;
жеке – жеке сақтандырушы және (немесе) сақтандырушылар тобы (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) үшін есептелгендер;
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) тізбесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
7. Актуарий пайдаланған материалдар мен деректер (олардың дереккөздері және (немесе) алынған орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________.
8. Актуарий пайдаланған есептеу әдістемесі:
1) тәуелсіз актуарий сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде пайдаланған есептеулер әдістемесі, оның ішінде сипаттамасы, негіздемесі, жорамалдары мен болжамдары. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша актуарлық бағалау жүргізген жағдайда сақтандыру түрлері бойынша резервтік және тарифтік базистердің өлшемдері көрсетіледі__________________________
____________________________________________________________________;
2) актуарлық есептеулерде пайдаланылған статистикалық және өзге де деректер
____________________________________________________________________;
3) қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы мөлшері, сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде пайдаланылатын жария етілген шығындар саны
____________________________________________________________________;
4) қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу үшін пайдаланылатын әдістер мен үлгілер
____________________________________________________________________;
5) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі - ОМШР) есептеу әдісін, ОМШР есептеу үшін пайдаланылатын шығындар кезеңін таңдау, шығындарды дамыту, сондай-ақ ірі шығындарды реттеу коэффициентін таңдау бойынша негіздеме
____________________________________________________________________;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептеу кезінде пайдаланған барлық өлшемдерін көрсете отырып, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР есептеу кезінде есепке алынатын пайда алушының еңбекке жарамдылық дәрежесін қайта куәландыруға және (немесе) ұзартуға, денсаулығының нашарлауына байланысты міндеттемелерінің негіздемесі және сомаларының есебі
____________________________________________________________________;
7) қосымшасын бере отырып, өмірді сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде еркек және (немесе) әйел жынысты адамдардың (қалыптасу көздері, құру әдістемесі) алдағы өмірінің ұзақтығына байланысты қайтыс болу, мүгедектік, ауырып қалу ықтималдығы және солардың негізінде есептелген шамасы қамтылған, пайдалануға арналған кесте
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________;
8) жарияланған талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарастыруға және реттеуге тікелей байланысты шығыстар сомасының есебі және негіздемесі, сондай-ақ сақтандыру жағдайларының топтары бойынша жүргізілген, ақысы төленген шағым-талаптардың орташа мәнінің есебі
____________________________________________________________________;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды. Қосымша тәуекелдер болған кезде сақтандыру резервтерін ұлғайту мөлшерін көрсету қажет
_____________________________________________________________________;
10) жұмылдырылған мамандар тарапынан алынған актуарлық көмектің
сипаттамасы
____________________________________________________________________.
9. Алынған қорытындылар мен тұжырымдар:
1) сақтандыру сыныптары бөлігіндегі қайта сақтандырушының сақтандыру резервтерінің және сақтандыру резервтеріндегі үлесінің актуарлық есептеулерінің нәтижелері;
2) зияндар резервтерінің барабарлығына жүргізілген тестердің, оның ішінде әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке және жалпы сақтандыру портфелі бойынша соңғы 12 (он екі) ай ішіндегі деректердің негізіндегі ретроспективті талдаудың нәтижелері;
3) қорытындылар мен тұжырымдар.
10. Ұсынымдар (болмаған жағдайда "жоқ" деп көрсетіледі)
____________________________________________________________________.
11. Актуарлық қорытындыны дайындау мерзімі және жасау орны
____________________________________________________________________.
12. Қолы, күні және дана саны
_________________________ __________________________________________
____________________________________________________________________.
Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарға 2-қосымша |
|
Нысан |
Ірі мәміле бойынша актуарлық қорытынды
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1) толық атауы __________________________________________________
_______________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері ______________________
_______________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ______________________________
_______________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия
_______________________________________________________________
________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
2. Актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________ ______________
________________________________________________________________;
2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия
________________________________________________________________.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған деректердің тізбесі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________.
4. Актуарий пайдаланған материалдар мен деректер (олардың дереккөздері және (немесе) алынған орны), оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері
_________________________________________________________________
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша деректер):
1) сақтанушы ___________________________________________________;
2) өтелетін сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі және көрсетілген тәуекелдер бойынша ерекше жағдайлар
_________________________________________________________________;
3) сақтандыру сыныбы және объектісі________________________________;
4) жоспарланған сақтандыру мерзімі (сақтандыру және сақтандыру арқылы қорғау шартының қолданыс мерзімінің басталуы және аяқталуы)
_________________________________________________________________;
5) әрбір сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сомасы
_________________________________________________________________;
6) сақтандыру тарифі (стандартты, жоғары, төмен) және оның мөлшері
_________________________________________________________________;
7) сақтандыру сыйлықақысы_________________________________________;
8) агентке немесе сақтандыру брокеріне комиссиялық сыйлықақы ________
__________________________________________________________________;
9) әрбір сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша франшиза (болған кезде)
__________________________________________________________________.
Ұжымдық сақтандыру мен топтық жеке сақтандыруды қоспағанда, бірнеше сақтандыру объектілері болған кезде, осы тармақтың 5), 6), 7), 9) тармақшаларында берілген деректер әрбір сақтандыру объектісі бойынша жеке көрсетіледі.
6. Нәтижелер мен қорытындылар:
1) актуарийдің ірі мәміле бойынша ұсынымдары;
2) қосымша ұсынымдар (болған кезде).
7. Қолы, күні ___________________________________________________.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 4-қосымша |
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптар
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Лицензияланған актуарий есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 2 (екі) айы ішінде өзінің біліктілігін растайды.
2019 жылғы 1 қаңтардан басталатын 3 (үш) қаржы жылы есепті кезең болып табылады.
2019 жылғы 1 қаңтардан кейін сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған актуарийлер үшін есепті кезең актуарий сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі.
2. Лицензияланған актуарий біліктілігін растауды лицензияланған актуарийдің кәсіби даму бағдарламасынан (бұдан әрі – КДБ бағдарламасы) өту арқылы жүзеге асырады.
3. КДБ бағдарламасының іс-шаралары (қатысу түрлері) және КДБ бағдарламасына қатысқаны үшін біліктілік баллдарының саны Талаптарға 1-қосымшада келтірілген кәсіби даму бағдарламасына сәйкес белгіленеді.
4. Лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау үшін есепті кезеңде КДБ бағдарламасы бойынша 1200 біліктілік балын алады.
КДБ бағдарламасының 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12 немесе 15-тармақтарының мақсаттары үшін халықаралық актуарлық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын ұйым жүргізген әрбір іс-шара бойынша бал саны 100 балға ұлғаяды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Біліктілігін растау үшін лицензияланған актуарийлер Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Кәсіби даму бағдарламасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Қызмет бағыты | Балл саны |
1 | Шетел басылымында актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау | 600 |
2 | Мерзімді баспасөз басылымдарында актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау | 500 |
3 | Халықаралық актуарийлер конгресіне қатысу | 1000 |
4 | Актуарлық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, шетелдегі семинарға қатысу | 800 |
5 | Қаржылық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, шетелдегі семинарға қатысу | 700 |
6 | Актуарлық қызмет жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу | 600 |
7 | Қаржылық қызмет жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу | 400 |
8 | Актуарлық қызмет жөніндегі семинарға, шетелдердегі оқуға қатысу | 500 |
9 | Сақтандыру қызметі жөніндегі семинарға, шетелдердегі оқуға қатысу | 400 |
10 | Актуарлық қызмет бойынша Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға қатысу | 200 |
11 | Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде сақтандыру қызметі бойынша семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға қатысу | 150 |
12 | Актуарлық пәндер бойынша оқытушылық қызметті жүзеге асыру (семестрдегі) | 800 |
13 | SOA (Society of Actuaries (Сосайити оф Актуариес)) (USA), CAS (Casualty Actuarial Society (Кэжуалти Актуариал Сосайити)) (USA), Institute and Faculty of Actuaries (Институт оф Актуариес) (United Kindom), Actuaries Institute (Актуариал Институт) (Australia), Canadian Institute of Actuaries (Канэйдиан Институт оф Актуариес) (Canada), CFA (Chartered Financial Analyst (Чартеед Файнаншл Аналист)), FRM (Financial Risk Manager) ( Файнаншл риск менеджер) актуарлық емтихандардың бірін ойдағыдай тапсыру | 1200 |
14 | "Актуарий" мамандығы бойынша магистерлік диссертациялардың жетекшісі ретіндегі қызметті жүзеге асыру | 500 |
15 | Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға оқытушы ретінде қатысу | 600 |
Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарға 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау жөніндегі мәліметтер Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде):
Қызметінің бағыты | Нәтижесі | Қысқаша шолу | Өту күні | Өту мерзімі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 5-қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының штатында тұрған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – штаттағы актуарий) берген сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Тәуелсіз актуарийді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті не бастамалық тексерулер жүргізу үшін тартады.
3. Тәуелсіз актуарий Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
4. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысын жасау мақсатында актуарлық есептеулер осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптардың 5-тармағында көзделген түрлерге бөлінеді.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы штаттағы актуарийдің қызметін тексеруді бір тәуелсіз актуарийдің бірінде қатарынан 5 (бес) жылдан артық емес жүргізеді.
6. Тәуелсіз актуарийді штаттық актуарийді тексеру үшін тартуға мынадай жағдайларда:
1) тәуелсіз актуарий тексерілетін штаттағы актуарийдің, оның акционерлері және (немесе) басшы қызметкерлері тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болып табылған;
2) тәуелсіз актуарийдің қызметіне қатысты штаттағы актуарий тәуелсіз актуарий ретінде тексеру аяқталған күнге дейін күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде немесе көрсетілген күндердің қайсысы кеш болуына байланысты есепті жылдың алдындағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тексеру жүргізілген;
3) тәуелсіз актуарий соңғы күнтізбелік 2 (екі) жыл ішінде штатында тексерілетін штаттағы актуарий тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызметін жүзеге асырған болса жол берілмейді.
Тәуелсіз актуарий қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша актуарийдің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді және 2-нысан бойынша актуарлық қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Штаттағы актуарийдің қызметін бастамашылық тексеру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің және (немесе) басқармасының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уәкілетті органының бастамасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және тәуелсіз актуарий арасында жасалған тексеру жүргізуге арналған шартта көзделген тексерудің нақты міндеттерін, мерзімдері мен көлемдерін ескере отырып жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.02.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Штаттағы актуарийдің қызметін тәуелсіз актуарийдің тексеру нәтижелері, соның ішінде актуарлық есептеулер шынайылығының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемінде 3 (үш) данада тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы түрінде ресімделеді.
9. Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысына Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алынған есептілігінің көшірмесі және штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру кезінде тәуелсіз актуарий жүргізген есептеулер қоса беріледі.
10. Штаттағы актуарийдің қызметін міндетті актуарлық тексеруді қоспағанда, тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысының бір данасын тәуелсіз актуарий тексеру аяқталған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға ұсынады. Актуарлық қорытындының бір данасы тәуелсіз актуарийде қалады, қалған даналары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында болады.
11. Штаттағы актуарийдің қызметін міндетті актуарлық тексеру бойынша тәуелсіз актуарийдің есепті жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша актуарлық қорытындысын тәуелсіз актуарий тексеру аяқталған күннен кейін, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы тәуелсіз актуарийдің осы қаулының 2-қосымшасында тізбесі мен талаптары белгіленген халықаралық актуарийлер қауымдастығына мүшелігін растайтын құжатты (бар болса) қоса берумен ұсынылады.
Актуарийдің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
Жеке тұлғалар | |||||
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі | Үлестестігін тануға арналған негіздеме | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Заңды тұлғалар | |||||
№ | Заңды тұлғаның толық атауы | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның пошталық мекенжайы мен нақты орналасқан жері | Үлестестігін тануға арналған негіздеме | Үлестестігін тану күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________
Қолы _____________
Күні____________
2-нысан
____ жылғы ________ актуарлық қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат
№ | Актуарлық қызмет түрі, актуарлық қорытынды түрі |
Сақтандыру | Актуарлық қорытындыны дайындау негіздемесі | Актуарлық зерттеу мәні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________________________________
Қолы _____________
Күні _________________
Тәуелсіз актуарийдің актуарлық қорытындысы
1. Актуарлық бағалау ___________________ жағдай бойынша жүргізілді.
2. Актуарлық қорытынды жасау мақсаты_________________________________
____________________________________________________________________.
3.Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы деректер:
1)толық атауы________________________________________________________
____________________________________________________________________;
2) орналасқан жері және банктік деректемелері___________________________
____________________________________________________________________;
3) мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ___________________________________
____________________________________________________________________;
4) cақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
4. Тәуелсіз актуарий туралы деректер:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)________________________________
____________________________________________________________________;
2) тұрғылықты жері (орналасқан орны) __________________________________
____________________________________________________________________;
3) актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия
____________________________________________________________________.
(нөмірі және берген күні)
5. Актуарлық бағалау жүргізуге тапсырыс беруші __________________________
____________________________________________________________________.
6. Тексеру түрі (міндетті, бастама бойынша) ______________________________
____________________________________________________________________.
7. Актуарлық есептеулерді дайындау негіздемесі __________________________.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
(шарт, шарттың нөмірі және жасалған күні)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) тізбесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
9. Актуарий пайдаланған басқа да материалдар мен деректер (олардың дереккөздері және (немесе) алынған орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
10. Актуарлық зерттеудің мәні (міндеттер тізбесі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
11. Тәуелсіз актуарий сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде пайдаланған әдістеме:
1) тәуелсіз актуарий сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде пайдаланған есеп айырысу әдістемесі, оның ішінде сипаттамасы, негіздемесі, жорамалдары мен болжамдары. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша актуарлық бағалау жүргізген жағдайда сақтандыру түрлері бойынша резервтік және тарифтік базистердің өлшемдері көрсетіледі
___________________________________________________________________;
2) тәуелсіз актуарийдің актуарлық есеп айырысуларда пайдаланған статистикалық және өзге де деректері
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
3) қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы мөлшері, тәуелсіз актуарий сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде пайдаланған, жария етілген шығындар саны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________;
4) тәуелсіз актуарий қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін бағалауға пайдаланатын әдістері мен үлгілері
___________________________________________________________________;
5) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі - ОМШР) есептеу әдісін, ОМШР есептеу үшін пайдаланылатын шығындар кезеңін таңдау, шығындарды дамыту, сондай-ақ ірі шығындарды реттеу коэффициентін таңдау бойынша негіздеме
___________________________________________________________________;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп айырысу кезінде пайдаланған барлық өлшемдерін көрсете отырып, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР есептеу кезінде есепке алынатын пайда алушының еңбекке жарамдылық дәрежесін қайта куәландыруға және (немесе) ұзартуға, денсаулығының нашарлауына байланысты міндеттемелерінің негіздемесі және сомаларының есебі
___________________________________________________________________;
7) қосымшасын бере отырып, өмірді сақтандыру шарттары және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін есептеу кезінде еркек және (немесе) әйел жынысты адамдардың (қалыптасу көздері, құру әдістемесі) алдағы өмірінің ұзақтығына байланысты қайтыс болу, мүгедектік, ауырып қалу ықтималдығы және солардың негізінде есептелген шамасы қамтылған, пайдалануға арналған кесте
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________;
8) жарияланған талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарастыруға және реттеуге тікелей байланысты шығыстар сомасының есебі және негіздемесі, сондай-ақ сақтандыру жағдайларының топтары бойынша жүргізілген, ақысы төленген шағым-талаптардың орташа мәнін есептеу
____________________________________________________________________;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды. Қосымша тәуекелдер болған кезде сақтандыру резервтерін ұлғайту мөлшерін көрсету қажет
____________________________________________________________________;
10) жұмылдырылған мамандар тарапынан алынған актуарлық көмектің
сипаттамасы
___________________________________________________________________.
12. Алынған қорытындылар мен тұжырымдар, оның ішінде:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий және сақтандыру резервтері мен сақтандыру сыныптары бөлігіндегі тәуелсіз актуарий есептеулері кезінде алынған нәтижелерді салыстыру
____________________________________________________________________;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің есептеулері кезінде алынған сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі туралы қорытынды және сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке-жеке және жалпы сақтандыру портфелі бойынша сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігіне жүргізілген талдау нәтижелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________;
3) қорытындылар мен тұжырымдар ______________________________________.
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің қорытындыны жасауының дұрыстығын бағалау, оның ішінде:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий есептерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
2) сақтандыру резервтерін есептеу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарий пайдаланған жорамалдар мен болжамдардың негізділігі;
3) сақтандыру резервтерінің мөлшерін анықтау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатындағы актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша тәуекелдерін есептеуі.
14. Ұсынымдар (болмаған жағдайда "жоқ" деп көрсетіледі)
____________ _____________________________________________________________.
15. Актуарлық қорытындыны дайындау мерзімі және жасау орны
_____ ____________________________________________________________________.
16. Қолы, күні және дана саны
_________________________ ________________________________________________.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 6-қосымша |
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 40-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру тәртібі
2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Уәкілетті орган Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия береді.
4. Лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның лауазымды адамының актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) ресімделеді.
5. Лицензия мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімдеуге жатады.
6. Уәкілетті органның электрондық құжатты қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау дерегі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болу дерегі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттардың Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуін қарайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның жобаларын не лицензия беруден бас тартуды дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті лауазымынан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) қол қояды.
Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру (беруден, қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларына 1-қосымша |
"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру | |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру | |
1 | Уәкілетті органның атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (әрі қарай – уәкілетті орган) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Барлық кіші түрлер бойынша: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензияны берген кезде - жиырма жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлер бойынша: |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
Кіші түрлер бойынша: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Кіші түрлер бойынша: |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
Лицензияның нөмірі ___ Лицензия берілген күні 20__ жылғы "___" _____
Осы лицензия:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
______________________________________________________________берілді.
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға бірінші рет алған лицензия туралы деректері
__________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензияны беретін, қаржы
____________________________________________________________________
нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау
____________________________________________________________________
мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары) ____________________ ____________________
(берген орны)
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш
Кімге_______________________________________________________________
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді,
____________________________________________________________________
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын
____________________________________________________________________
уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1) білімі ________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________;
(бітірген жылы, мамандығы, оқу орнының атауы)
________________________________________________________________;
2) жұмыс орны, лауазымы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________;
3) телефон нөмірлері (қаланың коды, жұмысының және үйінің)
________________________________________________________________.
Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.
_______________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
20__ жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 7-қосымша Нысан |
Тестілеу өткізу қағидалары
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Тестілеу өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тестілеу өткізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеуді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) 30 сұрақ бойынша 30 минут ішінде жүзеге асырады. Тест сұрақтары жауаптардың кемінде үш нұсқасынан тұрады, олардың біреуі дұрыс жауап болып табылады.
3. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға компьютерлік тестілеудің өткізілетін күні туралы жазбаша түрде хабарлайды. Дәлелді себептермен белгіленген мерзімде компьютерлік тестілеуден өтуге келмей қалған жағдайда өтініш беруші бұл туралы уәкілетті органға келмей қалу себептерін және компьютерлік тестілеуден өтуге болатын күнді көрсете отырып хабарлайды.
4. Компьютерлік тестілеу кезінде тестіленетін адаммен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті орган қызметкерлерінің және қажет болғанда аудармашының қатысуына рұқсат етіледі.
Компьютерлік тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа да ақпараттық материалдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Қағидалардың осы тармағында жазылған талаптарды бұзу компьютерлік тестілеудің теріс нәтижелеріне теңестіріледі.
5. Өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде жетпіс пайызын алған жағдайда компьютерлік тестілеудің нәтижелері оң болып саналады.
Өтініш беруші компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қоя отырып, компьютерлік тестілеудің нәтижелерімен танысуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 8-қосымша |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына 9-қосымша |
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметтер
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.