Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26887 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 2 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында мемлекеттік қызмет көрсету және қаржы нарығындағы басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 62-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішхат түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішхат тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қағидалардың 3, 4-тармақтарының және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру холдингін өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушіге "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініштің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидаларында, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабына, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші өтінішхатты портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар пакеті тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың жарамдылық мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені жағдайда анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінішін одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттардың олардың Қағидалардың 3-тарауында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау жүргізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарландырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше тыңдауды дайындайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) уәкілетті органның Басқармасының қарауына енгізеді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылданғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін "жеке кабинетке" уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      2-қосымша Сақтандыру нарығында мемлекеттік қызметтер көрсету және қаржы нарығында басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 40-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті органның электрондық құжатты қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттардың Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келуін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның жобаларын не лицензия беруден бас тартуды дайындайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) уәкілетті орган басшылығының қолын қойғызады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру (беруден, қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      4. "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 4-1-бабына (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында қызметті, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың қызметін, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензияға ие банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, заңды тұлғалардың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарайды және тиісті сұрау салуды көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына және шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде) жібереді, сұрау салуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесіне және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорға жолдау.

      Ұсынылған құжаттарда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеу анықталған жағдайда, уәкілетті орган портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою үшін және пысықталған (түзетілген) құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы ұсынуы үшін ескертулермен хат жібереді. Бұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) осы мәліметтерді алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру жөнінде уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы хат жібереді, ал кандидаттарды тестілеуге шақыра отырып, келіскен кезде тестілеуден өткені туралы шақыру хаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтарып алуға уәкілетті орган кандидаттарды келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақырумен келісілген кезде - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш беруі арқылы кандидат тестілеуден өткен күнге дейін жол беріледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін (тестілеудің нәтижесі оң болған кезде) немесе Комиссия кандидатты тестілеуден өту үшін шақырмай келісу туралы мәселе бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы мәлімет қамтылған хат жобасын дайындайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Сақтандыру қызметі туарлы заңда, Банктер туралы заңда, Кепілдік беру қоры туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      5. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидалары және шарттары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісін анықтау кезінде уәкілетті орган 43 (қырық үш) жұмыс күні ішінде олардың Заңның 27-бабының және Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті органның Басқармасы қаулыны қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінші берушіге портал арқылы "жеке кабинетке" және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың электрондық көшірмесін қоса бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларында, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары, сондай-ақ бизнес - жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-4, 30-1-баптарына (бұдан әрі – Заң) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган 43 (қырық үш) жұмыс күні ішінде оларды Заңның 16-4, 30-1-баптарының және Қағидалардың 4, 12-тармақтарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулының жобасын (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына шығарады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз тасымалдағышта (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері қағаз тасымалдағышта өтініш берген кезде) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларында, сондай-ақ көрсетілген қаулымен бекітілген құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидалары, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 66 және 73-баптарына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 37-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" (бұдан әрі – Көлік құралдарының АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" (бұдан әрі – Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Туристі мiндеттi сақтандыру туралы" (бұдан әрі – Туристі мiндеттi сақтандыру туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін анықтайды, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      9-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, брокерлік қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтініш келіп түскен күні оны мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының және Қағидалардың 11, 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған жағдайда, уәкілетті орган қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз пікірін білдіруі үшін тыңдаудың өту уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде 3 (үш) күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша, жауапты тұлға тыңдаудан кейін бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензия беруден бас тартуды дайындайды, көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті органында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру (беруден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызмет көрсетушінің қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуды дайындайды, қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі).

      Жауапты бөлімшенің қызметкері "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      17. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызмет көрсетушінің қызметкері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны жауапты бөлімшеге жіберуді жүзеге асырады. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 6-қосымшаға сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 8-қосымшаға сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының, 9-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының талаптарына сәйкес келуінің толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, қызметті көрсетуші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Заңның 37-бабының, Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрық және лицензия жобаларын немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуды дайындайды, қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі).

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің "жеке кабинетіне" жібереді";

      23-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "23. Сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензияның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға лицензиясының қолданысын тоқтату туралы өтініш береді. Өтінішпен мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының уәкілетті органының лицензияның қолданысын тоқтату жөнінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш беру туралы шешімі;

      2) брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы шарттар мен міндеттемелердің болмауын растайтын құжаттар.

      Лицензия қолданысын тоқтату туралы өтінішті уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Лицензияның қолданысын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасау сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы мынадай шарттарды орындаған кезде жүргізіледі:

      1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсыну;

      2) сақтандыру брокерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы шарттар мен міндеттемелердің болмауы.

      Сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган лицензияның қолданысын тоқтатудан бас тартады. Сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензияның қолданысын тоқтату туралы өтінішті қайта ұсынған кезде, оны уәкілетті органның қарау мерзімін есептеу оны қайта ұсынған күннен басталады.

      Уәкілетті органның лицензияның қолданысын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы қағаз тасымалдағышта берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органға қайтарады.";

      пункт 24 мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

  Сақтандыру нарығында
мемлекеттік қызметтер көрсету
және қаржы нарығында басшы
қызметкерлерді келісу
мәселелері бойынша өзгерістер
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымына және (немесе)
сақтандыру холдингіне еншілес
ұйымды құруға немесе иеленуге,
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуға рұқсат беру,
еншілес ұйымды құруға, сатып
алуға, ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуға рұқсатты кері
қайтарып алу қағидаларына,
сондай-ақ еншілес ұйымды
құруға немесе иеленуге рұқсат
алу үшін қажетті құжаттарға
қойылатын талаптарға
2-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі мөлшерлеме 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

6.

Жұмыс кестесі

1) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті органның – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:
1) банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің немесе Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфель басқарушысының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу қағидалары, сондай-ақ еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Қағидаларға) 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйымын иеленген немесе құрған кезде:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);
бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар;
3) өзге жағдайларда:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйым құрылған жағдайда оны құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі қабылданған немесе еншілес ұйым иеленген жағдайда оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
иеленген еншілес ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылындағы, аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында есептілік болмаған жағдайда);
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иеленетін заңды тұлға туралы мәліметтер (еншілес ұйымды бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларын иеленуі арқылы иеленген жағдайда);
өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы, электрондық құжат нысанындағы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасының оларға және сақтандыру тобына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген электрондық құжат түріндегі талаптарды орындауға мүмкіндік бермеуіне байланысты, сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізуге мүмкін емес екенін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар. Егер құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі осы ұйымдардың капиталында қомақты үлесті иеленсе, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуға өтінішпен бірге "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заңы) 26-бабының, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының талаптарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға құжаттар ұсынылады.
2. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін:
1) банк холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуы бар банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі (сақтандыру холдингі мәртебесін алуға ниетті тұлға) банкті немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-инвестициялық портфельді басқарушыны иеленген жағдайда:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өзге жағдайларда:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш мазмұнына қойылатын талаптармен бекітілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
еншілес ұйымды құру туралы шешім қабылданған не еншілес ұйым сатып алған жағдайда оны сатып алу туралы шешімнің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәлімет болмаған кезде);
еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде, сақтандыру тобына қатысушылар - Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орналасқан елдердің заңнамасы оларға және сақтандыру тобына заңнаманы сақтауға мүмкіндік бермегендіктен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін еместігін болжайтын жағдайлардың болмауы туралы ақпарат электрондық құжат нысанындағы талаптар;
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (инвестициялық портфелді басқарушының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда ұсынылмайды) басшы қызметкерлер (немесе басшы қызметкерлері лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
өтініш берушінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған кезде);
Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес ресімделген еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын иелену арқылы заңды тұлға туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан түрінде ұйымның капиталында қомақты қатысуды алады (бірнеше заңды тұлғалардан қомақты қатысуды иеленген жағдайда).
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

8.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 32-бабында көрсетілген талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі не ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):
мінсіз іскерлік беделі жоқ, оның болмау өлшемшарттары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабының 7-тармағына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 7-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 54-бабының 6-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде белгіленген;
уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Аталған талап қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға әкеп соққан, банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай бойы қолданылады;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап осы абзацта көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы;
6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
8) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иемденуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады