Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2018 № 341/42-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабының 1-тармағы 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Астана қаласы маслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 9 тамызында № 1123 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 тамызында "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіміне қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-18–жолдармен толықтырылсын:
"
10. | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Медициналық мақсаттағы бұйымдар |
Мамандандырылған емдік өнімдер | ||||
11. | Идиопатиялық өкпе фиброзы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Пирфенидон, капсула |
12. | Анапластикалық лимфоманың киназа генінің экспрессиясы-мен ұсақ жасушалы емес өкпе обыры | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Кризотиниб, капсула |
Ниволумаб, ампула | ||||
13. | HER2-рецептор-ларының обырлық гиперэкспрессиясы бар жергілікті-рецидивті, ота жасауға жатпайтын сүт безінің обыры | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Пертузумаб, капсула |
14. | BRAF V 600 генінің мутациясы бар резекцияға жатпайтын немесе метастазды меланома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Дабрафениб, капсула |
15. | Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен туған өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
16. | Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома | Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Бринзоламид, көзге арналған тамшылар |
Тимолол, көзге арналған тамшылар | ||||
17. | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), дозаланған ингаляцияларға арналған аэрозоль |
18. | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Ванатекс (валсартан), таблетка |
".
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Ким |
Астана қаласы мәслихатының хатшысының міндетін атқарушысы |
С. Жүнісов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" (ҚДБ) мемлекеттік мекемесінің басшысы |
К. Надыров |