Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 27.06.2019 № 396/52-VI (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының шешімдері күшін жойды деп танылсын:
2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21- VI "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 9 тамызда № 1123 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
2018 жылғы 28 маусымдағы № 284/34-VI "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21- IV шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 12 шілдегі № 1183 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 шілдегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е. Сыдықов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 341/42-VI шешімімен бекітілген |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі
Р/с № | Ауру | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ауырығымы) | Дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Тобрамицин, ұнтақ, ингаляцияға арналған ерітінді |
Натрий колиместаты, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||||
Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||||
Бейімделген емдік өнімдер | ||||
2. | Бастапқы өкпелік гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Бозентан, таблетка |
Силденафил, таблетка | ||||
Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі Эйзенменгер синдромы | Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | |||
3. | Драве синдромы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Стирипентол, капсула |
4. | Қалқанша безінің медуллярлық ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Вандетаниб, таблетка |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
5. | Ниман-Пик ауруы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Миглустат, капсула |
6. | Шорбуындаушы спондилоартрит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы |
Инфликсимаб, |
7. | Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейттін белсенді сатыдағы |
Тоцилизумаб, |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ұнтақ | ||||
8. | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Медициналық бұйымдар |
Бейімделген емдік өнімдер | ||||
9. | Идиопатиялық өкпе фиброзы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Пирфенидон, капсула |
10. | Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді |
11. | Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома | Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Бринзоламид, көзге арналған тамшылар |
Тимолол, көзге арналған тамшылар | ||||
Травопрост+малеат тимололы, көзге арналған тамшылар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
12. | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), ингаляцияларға арналған аэрозоль |
13. | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Ванатекс (валсартан), таблетка |
14. | Сүт безінің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Палбоциклиб, капсула |
15. | Латеральды (жанармай) аммиотрофиялық склероз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Рилузол, таблетка |
16. |
Гормональды | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Этинилэстрадиол + дроспиренон таблеткасы, |
Дезогестрел таблетка, | ||||
Жүктілікке қарсы аурулары бар әйелдер | Этинилэстрадиол + левоноргестрель, таблетка, драже | |||
Бала туу жастағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Медициналық бұйымдар | |||
17. | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған ересек адамдар | Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау | Медициналық бұйымдар |