"Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 284/34-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 1183 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 341/42-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 12.12.2018 № 341/42-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабының 1-тармағы 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" Астана қаласы маслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 9 тамызында № 1123 болып тіркелген, 2017 жылдың 12 тамызында "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіміне қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-18–жолдармен толықтырылсын:

      "

10.

Буллезді эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Медициналық мақсаттағы бұйымдар

Мамандандырылған емдік өнімдер

11.

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Пирфенидон, капсула

12.

Анапластикалық лимфоманың киназа генінің экспрессиясы-мен ұсақ жасушалы емес өкпе обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Кризотиниб, капсула

Ниволумаб, ампула

13.

HER2-рецептор-ларының обырлық гиперэкспрессиясы бар жергілікті-рецидивті, ота жасауға жатпайтын сүт безінің обыры

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Пертузумаб, капсула

14.

BRAF V 600 генінің мутациясы бар резекцияға жатпайтын немесе метастазды меланома

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Дабрафениб, капсула

15.

Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы

1 жасқа дейінгі балалар

1000 г дейінгі салмақпен туған өте шала туған нәрестелер

Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

16.

Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома

Астана қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы

Бринзоламид, көзге арналған тамшылар

Тимолол, көзге арналған тамшылар

17.

Бронх демікпесі 

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтералмаушылық жағдайында

Серетид (сальметерол + флутиказона пропионат), дозаланған ингаляцияларға арналған аэрозоль

18.

Артериялық гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Жеке көтералмаушылық жағдайында

Ванатекс (валсартан), таблетка

      ".

      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихат сессиясының төрағасы
А. Ким
     
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысының
міндетін атқарушысы
С. Жүнісов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Астана қаласының
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
(ҚДБ) мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Надыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады