"Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Мырзалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/573 қаулысына қосымша |
Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хаты;
ақшалай сыйақы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
2. Осы тәртіп Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалар әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Полиция бөлімімен (басқармасымен) (бұдан әрі – ПБ) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.
5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
6. Ақшалай сыйақыны төлеуді ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, аудан, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалар, облыс әкімінің алғыс хатын табыстау ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 20.09.2022 № А-9/449 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
9. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.