Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 09.04.2020 № С-42/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.";
9 тармақтың 4 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге жалғыз тұратын зейнеткерлерге, жалғыз басты аналардың отбасыларына, 1, 2, 3 топ мүгедектерінің отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға, көп балалы отбасыларға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасыларына, интернационалист жауынгерлердің отбасыларына, егер отбасының жиынтық табысы айына жиырма үш айлық есептік көрсеткіштен аспаса, отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 24-ші кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Ж.Әміржанов |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Е.Исимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі |
Е.Маржықпаев |
2018 жылғы "22" қараша