Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 7801 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Р.Макишев
      Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Ж.Абишев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімдігі
     

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 09 сәуірдегі
№ С-42/7 шешіміне
1-қосымша

Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Көкшетау қаласында тұратындарға ұсынылады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган - "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      4. .Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 5% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 14.04.2023 № С-2/12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстардың, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстардың және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді белгіленген көлем нормасынан артық тұтыну төлемдері жалпы негізде жүргізіледі. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып қабылданады.

      6. Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары алып жатқан көлеміне байланысты жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) өтініш берген тоқсанда 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есептеледі. Көмірдің құны статистика органдарының деректеріне сәйкес өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағаны қабылдансын.

      7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 150 (жүз елу) киловатт белгіленсін.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.11.2023 № С-8/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал аз қамтылған отбасының (азаматтың) алдындағы тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.05.2022 № С-17/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.

      12. Тұрғын үй көмегi тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған қала бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган келесі тәртіппен жүзеге асырады:

      коммуналдық қызметтердің тұтыну өтемақысы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;

      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 14.04.2023 № С-2/12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Тұрғын үй көмегі сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы), ол өтініш берушіге қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында бөлінеді.

      Ескерту. 1-қосымша 14-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 14.04.2023 № С-2/12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 09 сәуірдегі
№ С-42/7 шешіміне
2-қосымша

Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылған тізбесі

      1. "Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 "Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № С-24/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6956 тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 "Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № С-40/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7608 тіркелген, 2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады