Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 09.04.2020 № С-42/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылған деп танылсын.
Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 2 –ші кезекті сессиясының төрағасы |
В.Шиманский |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2016 жылғы 26 сәуір
Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 шешіміне 1 қосымша |
Көкшетау қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Краснояр ауылдық округінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Алынып тасталды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
5. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталды.
7. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады, тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтері үшін өтемақы, жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға өтемақы, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.
Тұрғын үй көмегi төлемдерін қаржыландыру қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын өкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.
9. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге жалғыз тұратын зейнеткерлерге, жалғыз басты аналардың отбасыларына, 1, 2, 3 топ мүгедектерінің отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға, көп балалы отбасыларға, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасыларына, интернационалист жауынгерлердің отбасыларына, егер отбасының жиынтық табысы айына жиырма үш айлық есептік көрсеткіштен аспаса, отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 22.11.2018 № С-24/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың төлемдері және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
11. Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары алып жатқан көлеміне байланысты жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) өтініш берген тоқсанда 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады. Көмірдің құны тұрғын үй көмегі есептелген тоқсанның алдыңдағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес алдыңғы тоқсанда қалыптасқан орташа баға қабылдансын.
Ескерту. 11-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.12.2019 № С-40/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы бір адамға айына 150 (жүз елу) киловатт. сағат белгіленсін.
13. Телекоммуникация тораптарына қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/8 шешіміне 2 қосымша |
Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. "Көкшетау қаласы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4675 тіркелген, 2015 жылы 12 наурызда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
2. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 "Көкшетау қаласы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № С- 37/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 тіркелген, 2015 жылы 2 маусымда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған);
3. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № С-34/2 "Көкшетау қаласы аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № С-44/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 тіркелген, 2015 жылы 21 қаңтарда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған).