Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 161/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/567 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
кестенің 3-бағанында:
үшінші жолда (аймақ нөмірі II) "Мәншүк ауылдық округі" алынып тасталсын, жетінші жолды (аймақ нөмірі IV) "01-011-093 Разъезд № 93 (Тасты ауылдық округі)" алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы |
C.Абеева |
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі | М.Тәткеев |
30.01.2018