Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/567 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 6274 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Целиноград ауданының Мәншүк ауылдық округі және Тасты ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № А-2/455 қаулысы мен Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 147/20-6 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Мәншүк ауылдық округі Мәншүк ауылы болып қайта құрылсын;

      2) Тасты ауылдық округінің № 93 разъезі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ә.Баймағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады