Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 183/25-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 6400 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 161/29-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 161/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/567 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-17-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6274 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 2-қосымшада:

      кестенің 3-бағанында:

      үшінші жолда (аймақ нөмірі II) "Мәншүк ауылдық округі" алынып тасталсын, жетінші жолды (аймақ нөмірі IV) "01-011-093 Разъезд № 93 (Тасты ауылдық округі)" алынып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
C.Абеева
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      30.01.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады