Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/4 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХІХ сессиясының төрағасы |
Р.Қайдауылов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімі | Қ.Қарауылов |
18 шілде 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының міндеттерін атқарушы |
А.Едігенова |
18 шілде 2018 жыл
Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/4 шешіміне қосымша |
Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 29.05.2019 № 6С-43/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Р/б № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 20 |
5 | Карт | 10 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 10 |