Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 7703 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген, 2018 жылдың 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/4 "Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 6С-43/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7219 болып тіркелген, 2019 жылдың 06 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың
LVІ (кезектен тыс) сессиясының
төрағасы
К.Шаяхметов
      Бурабай аудандық мәслихат
хатшысы
У.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімдігі
      Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің "Бурабай
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады