Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/4 "Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 6С-43/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 7219 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/4 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХLІІІ cессиясының
төрағасы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданың әкімі Қ.Қарауылов
      Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің "Бурабай ауданы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 6С-43/11 шешіміне
қосымша
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 18 шілдедегі
№ 6С-29/4 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Р/б №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

20

5

Карт

10

6

Бильярд үстелі

3

7

Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады