"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 14 ұсынысының негізінде, Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бастөбе ауылдық округі әкімінің "Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4820 тіркелген, 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бастөбе ауылдық округінің әкімі | Э. Ким |