РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рысбаев Сабырғали Әбдірахымбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
сессия төрағасы | хатшысы |
У. Аманжолова | А. Тулебаев |
Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы №35-3 шешіміне қосымша |
Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тіркелген салық ставкалары туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы №19-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-10-76 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2009 жылы 13 мамырда жарияланған);
2. "Тіркелген салық ставкалары туралы" Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы №19-7 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 маусымдағы № 21-14 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-10-82 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2009 жылы 15 тамызда жарияланған);
3. "Қаратау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы №34-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2279 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2014 жылы 02 тамызда жарияланған);
4. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы №47-4 шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2853 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2015 жылы 26 желтоқсанда жарияланған).