Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 24.05.2018 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Тіркелген салық ставкалары туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 наурыздағы № 19-7 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6–10–76 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырдағы № 43 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2 тармақта жақшаның ішіндегі "Тіркелген" сөзінен кейін "2003 жылғы 19 сәуірдегі № 16 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған" сөздерімен толықтырылсын.
2. Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
ХХІ сессиясының төрағасы | хатшысының міндетін атқарушы |
Т. Сәрсенұлы | Д. Төлепбергенов |
Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 19–7 шешіміне қосымша |
|
Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 маусымдағы № 21–14 шешіміне қосымша |
Қызметін Талас ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |