Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 19-7 шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 мамырда N 76 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 35-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 24.05.2018 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Төртінші шақырылған аудандық мәслихаттың сессиясы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, аудан мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қызметін Талас ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Аталған шешімнің қабылдануына сәйкес Талас аудандық мәслихатының 2003 жылғы 23 ақпандағы № 24–16 "Базалық салық ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 909 болып тіркелген 2003 жылғы 19 сәуірдегі № 16 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық мәслихатының 2009.06.23 № 21-14 (2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық
      ХIХ сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Е. Құлекеев Ж. Әсемов

  Талас аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 наурыздағы
№ 19–7 шешіміне қосымша

Қызметін Талас ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне
бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет№

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады