Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 05.06.2020 № 55/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Теміртау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 2339 тіркелген, "Новый Теміртау" газетінде 2013 жылы 07 маусымда № 22 (092) жарияланған);
2) 2015 жылғы 9 маусымдағы № 39/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде № 3278 тіркелген, "Вечерняя Караганда" газетінде 2015 жылы 24 маусымда № 25 (321) жарияланған, 2015 жылы 02 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы "04" қазандағы 31 сессиясының № 31/4 шешіміне қосымша |
Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ р/с | Салық салу объектісінің атауы | 1 объектіге тіркелген салықтың белгіленген айлық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш-термен) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 10 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 15 |