Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:
2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:
көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға.
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:
жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға.";
2) 11 - тармағындағы 7) тармақша алынып тасталсын;
3) 18 - 1, 26 - 1, 26 - 2 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Сокульский |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қала әкімі | А. М. Аглиулин |
2018 жыл 30 наурыз
"Балқаш қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Ж. Қ. Томпиева |
2018 жыл 30 наурыз
"Балқаш қаласының экономика және | |
қаржы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | З. С. Шлыкова |
2018 жыл 30 наурыз