Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 18/160 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 4720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылғы 31 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:

      2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:

      көп балалы ананың жәрдемақысын алушыларға.

      3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:

      жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар алатындарға;

      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға.";

      2) 11 - тармағындағы 7) тармақша алынып тасталсын;

      3) 18 - 1, 26 - 1, 26 - 2 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Сокульский
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қала әкімі А. М. Аглиулин

      2018 жыл 30 наурыз

      "Балқаш қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Ж. Қ. Томпиева

      2018 жыл 30 наурыз

      "Балқаш қаласының экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы З. С. Шлыкова

      2018 жыл 30 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады