Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 24.12.2019 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 930 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6038 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін) осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.