Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 132 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 7045 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 930 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6038 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда жарияланған);

      2) "Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 930 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1289 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6590 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 қаңтарда жарияланған).

      2. "Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Н. Делмұхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. Искаков
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қызылорда облысының Полиция
департаменті" мемлекеттік
мекемесімен


      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Қызылорда облысы және
Байқоныр қаласы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады