"Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы №930 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1289 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 6590 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 24.12.2019 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 930 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6038 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін) осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Қызылорда облысы және
Байқоңыр қаласы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________ М. Баймағамбетов
2018 жылы "24" желтоқсан
      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қызылорда облысының
Полиция департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Қ. Мұхитов
2018 жылы "24" желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады