"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 259-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.".
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |