"2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 259-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 303-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 6281 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 259-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады